«Көзқарас» бағдарламасы
«Көзқарас» - қазіргі қазақ телеаймағындағы көрермен мен лауазымды тұлғалар арасындағы телекөпір болып отырған бағдарлама. Хабарды өмірді көрген, тәжірибелі саясаткер Ирак Елекеев жүргізеді. Бағдарлама екі адамның ашық әңгімесі форматында құрылған. Көтерілген тақырыпты аша түсу үшін бейнесюжеттер, эфирге тікелей қосылған көрермен мен кәсіби маманның пікірі пайдаланылады. Қарапайым халық пен шенеунік арасын жақындатуда әлеуметтік желілер де тиімді қолданылады. «Көзқарас» бағдарламасының жүргізушісі – Ирак Елекеев өзінің бағдарламаны жүргізуі жайлы ойы: «Журналистика, филология мамандығын бітірмеген мен үшін жүргізуші болуға келісім беру оңай болған жоқ». Алайда, батылдық, алғырлық, заң саласындағы және саяси қызметтегі көп жылдық тәжірибесі мен сұхбат жүргізудегі икемділік, әңгімені қызықты…
