«Бенефис шоуда» Қайрат Нұртас
Айтпақшы, «Бенефис-шоу» қызық боп жатыр ма? Ертеңгісі өткен жолғыдан да қызық болады. Өйткені, әндері де, анасы екеуінің өздері де хитқа айналған Қайрат Нұртас қонақта.
Әлден қызықтыра түсейінші... 10 жасар Қайрат неге махаббат туралы жырлауға асықты? «Бенефис-шоу» сыйлаған самолет мына студияға қалай сыйды деп ойлайсыз? Қайрат әлдеқашан қолына тиген өз мүсінін қай жерге орнатар екен? Қайратты Қайрат Нұртас қылған «Арман» әніне қатысты әншінің туған әкесімен арадағы келісім-шарт қандай еді?

Оқушы Қайраттың телеарнаға берген ең алғашқы кәсіби сұхбатын көріп пе едіңіз? Көрмесеңіз - ертен оны жібермеуге асығыңыз.
Ендеше сенбі, кешкі 19.50-де «Бенефис-шоуды» жіберіп алмаңыз.
