Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Көзқарас» бағдарламасы

«Көзқарас» - қазіргі қазақ телеаймағындағы көрермен мен лауазымды тұлғалар арасындағы телекөпір болып отырған бағдарлама.

Хабарды өмірді көрген, тәжірибелі саясаткер Ирак Елекеев жүргізеді. Бағдарлама екі адамның ашық әңгімесі форматында құрылған.


Көтерілген тақырыпты аша түсу үшін бейнесюжеттер, эфирге тікелей қосылған көрермен мен кәсіби маманның пікірі пайдаланылады. Қарапайым халық пен шенеунік арасын жақындатуда әлеуметтік желілер де тиімді қолданылады.

«Көзқарас» бағдарламасының жүргізушісі – Ирак Елекеев өзінің бағдарламаны жүргізуі жайлы ойы:

«Журналистика, филология мамандығын бітірмеген мен үшін жүргізуші болуға келісім беру оңай болған жоқ».

Алайда, батылдық, алғырлық, заң саласындағы және саяси қызметтегі көп жылдық тәжірибесі мен сұхбат жүргізудегі икемділік, әңгімені қызықтыра білу қабілеті тікелей эфирде жұмыс істейтін жүргізуші Ирак Елекеевтің басты қаруына айналды.

Өмірде ұстанатын ең басты қағидасы – әділ болу, адамның көзіне қарап шындықты айта білу. Саяси және тарихи әдебиетті құмартып оқиды.


Эфир уақыты: дүйсенбі-бейсенбі, сағат 17.15 (қайталауы 23.20-да)

 

Жүргізуші: белгілі заңгер, Қоғам қайраткері Ирак Елекеев
Продюсер: Н.Ынтайбекова
Редактор: А.Дүйсенбі
Режиссер: Н.Дауырбаева, Б.Мұстафин
Тікелей эфир телефоны: 8(7172) 55 37 10
e-mail: [email protected]

 

 

1
0
1022

Осы тақырып бойынша

«Көзқарас» бағдарламасы - Yvision.kz