Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Көрермен назарына «Біздің үй» бағдарламасы

«Біздің үй» бағдарламасы қазіргі отбасылардың айнасы болады. Мұндағы көтерілетін мәселелер отау құрғандардың бәріне де таныс. Ата-ана мен бала, ене мен келін, ағайын-туыс арасындағы қарым-қатынас жаңа жобаға арқау болатын тақырыптар.

«Біздің үйде» ұрыс-керіс, дау-дамайдан басқа қуаныштан жылау, көтеріңкі көңіл-күй, жақсы көру, аялап, мақтан тұту сезімдері де болады. Бір сөзбен айтқанда, әр отбасында күнде болатын жағдайлар. «Біздің үйде» бір отбасы бір отбасына мысал, бір әулет бір әулетке үлгі.

Ринат Кертаев, «Хабар» телеарнасы бағдарламалар дирекциясының Бас продюсері:

Студияға жиналған үш отбасының өкілі, бірінші отбасы, белгілі бір мәселені белгілі бір қиындықты дәл қазіргі уақытта бастан кешіріп отырған отбасы болса, екінші отбасы сол мәселені жеңіп шыққан, сол тәжірибесімен белгілі бір нәтижеге келген отбасы болады, ал үшінші отбасы – жұлдызды жұп. Немесе есімдері елге белгілі отбасы болуы мүмкін. Осылардың арасында сол мәселеге деген талқылау болады, әртүрлі шешу жолдары ұсынылады.

Әсел Акбарова, бағдарлама жүргізушісі:

Отбасы мәселесі – бүкіл қазақтың мәселесі. Біздің қазаққа жат дүние, шығар дүниені сыртқа шағарып, шу-дауды бәрін көрсетіп, дегенімен бүл мәселені шешу керек. Іріп-шіріп жатқан нәрселер талай, жетеді. Біздің үйде де, сіздің үйде де береке болсын деген жалғыз игі ниет қой.

Алғашқы бағдарлама 1 қазан күні сағат 19.00-де көрсетіледі. Онда студия қонақтары «Некесіз бала» тағдырын талқыға салады. Ток-шоу барысында жек көру, айтысу, айыптау, жаны ашу, қол ұшын беру сияқты әрекеттерді көреміз.

Айдана небары 19 жаста. «Ата-анама қолғабыс етейін, тиын-тебенмен көмектесейін» деген оймен бірнеше жыл бұрын Астанаға келеді. Жігітпен танысады. Ойнап жүріп от басады. Құрсағына біткен шарананы жігітінің өтініші бойынша алғашында өмірге әкелуді ойлайды. Бірақ жігіт сөзінен тайқи бастағанда, бұл да баладан құтылудың амалына кіріседі. Дәрі ішеді...

Бейкүнә сәбидің көрер жарығы бар екен. Осыдан жиырма күндей бұрын Алтынай шынашақтай қыз баланы дүниеге алып келеді. Енді не істемек? Алтынайдың 70-тегі әкесі кенже қызының ұятты жағдайынан, некесіз туған жиені барынан бейхабар. Қырқынан шықпаған сәбидің әкесі болса, жауапкершіліктен қашып жүр.

Бейресми дерек бойынша, Астанада Алтынай тағдырлы 200-дей қыз-келіншек бар екен. Және бір ұққанымыз, бұл әрбір шаңырақтың, қыз өсіріп отырған сіз бен біздің үйдің жан жарасы.

Бірақ бағдарлама мақсаты – айқау-шу емес, мәселенің шешімін тауып, нәтиже шығару. Кейіпкерілердің жан дүниесін ақтаратындардың бірі, бағдарлама жүргізушісі – Әсел Акбарова. Көпшілік оны жаңалықтар жүргізушісі, отандық  «Бақ мекенім, Астана» сериялынан таныса, енді ол «Біздің үйге» келген қонақтармен әңгімелеседі. 3 баланың анасы Әсел үшін отбасы құндылығы жай ғана сөз емес.

 

1 қазан 19:00-де «Біздің үй» бағдарламасының алғашқы санын көріңіздер.

 

1
0
1157

Осы тақырып бойынша

Көрермен назарына «Біздің үй» бағдарламасы - Yvision.kz