Паралимпиада саңлақтары
Қазақстанның паралимпиада спортшыларының өмірі жайлы бүгінгі "Нүкте" бағдарламасы баяндайды. Қазақстан спортшыларының соңғы жылдардағы табысы қуантарлық деңгейде. Төртжылдықтың басты додасы келген сайын, бірнеше алтынның ел қоржынына түсетінін біз білеміз. Бұл спортқа мемлекеттік деңгейде көрсетіліп жатқан қолдаудың жемісі. Бірақ... мүмкіндігі шектеулі спортшылардың жетістігімен қаншалықты мақтана аламыз. Олардың әлеуметтік жағдайы қандай? Спорттық бабына енуі үшін қаншалықты жағдай жасалған? Неге паралимпиадалық спорт түрлерінен өтетін додаларда көш соңында қалып қоямыз? Неге жеңіске жеткен жекелеген спортшыларды үлгі тұтпаймыз? Жалпы, біздің елге «мүмкіндігі шектеулі жандардың» спорты керек пе? Бағдарламаның осы санында көкейіңіздегі сауалдарға жауап аласыз. Нүкте ток-шоуы «мүмкіндігі ш…