Жаңа мамандық ашылды «Мемлекеттік Жастар Саясаты»
Жаңа мамандық ашылды «Мемлекеттік Жастар Саясаты»
Жастарға Қызмет Көрсету Орталығы негізінде шілденің 23 жұлдызында С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің ректорыс Орсариев Арын Амангельдиевич Павлодар облысының Жастар Бастамаларын Дамыту Орталығының қала мен аудан қызметкерлері сонымен қатар, жастар ұйымдарының жетекшілері үшін жаңа мамандық «Мемлекеттік Жастар Саясаты» бойынша презентация өткізді.
Атап кетерлік тағы бір жайт, бұл мамандық Қазақстан Республикасында тұңғыш болып есептеледі. Толық оқу 2 жылды қамтиды және бір жылдық төлем ақысы 198 000 теңгені құрайды. Берілген бағыт бойынша мынадай 9 тармақ жетіледі:
- Табыс пен жетекшілік психологиясы;
- Іскерлік қазақ тілі;
- Ағылшын тілі;
- Менеджемент және қызметкерлерді басқару;
- Мемлекеттік политика;
- Бюджеттік үдеріс;
- Нормативтік құқықтық актілері;
- Мемлекеттік сатып алу;
- Антижемқорлық саясат және заңнама.
Мамандыққа құжат қабылдау 2015 жылдың 10-шы шілдесінен 30 шілдесіне дейін жүзеге асады. Барлық сұрақтар Ломов көш. 64, С. Торайғыров ПМУ Басты корпусқа жүгінуіңізді сұраймыз. Байланыс телефондары: (8-7182) 673-773, 673-774(ішк.1101), +77073673773.
2015 жылдың 22 шілде күні, Жастарға Қызмет Көрсету Орталығы негізінде ШҚО ЖҚҰ «Жастар салауатты өмір салты үшін» ұйымы Павлодар қаласының Атамекен Мемлекеттік Кәсіпкерлер Палатасы бірігуімен, «АИТ/ЖИТС және туберкулездің Қазақстан бизнесіне әсері» семинарын өткізді. Берілген іс-шараның мақсаты: ауқымды бәсекелестікке қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту және аурудың төмендеуі мақсатында АИТ/ЖИТС, туберкулезді емдеу, оның алдын-алу туралы бизнес-құрылымдардың ақпараттандырылуын жоғарылату. Оқиға барысында семинар қатысушылары мен тренер Абраева Райхангүлмен келесі тақырыптар талқыланды: «АБҚ дегеніміз не?», «Қазақстанда туберкулез – Статистика мен нышандары, алдын алу», «АИТ және аңыздар», «Туберкулез бен АИТ Сіздің бизнесіңізде әсер ете ме?» және «Тиімді бизнестің үш алыбы». Кәсіпкерлерді таңба туралы ескерту көрсеткіштердің жақсаруына сенімділік береді және АИТ/ЖИТС, туберкулез ауруларының алдын алу бойынша саясатты жетілдіру жолында алғашқы қадам болмақ.
Айбынды серілер мен әсем ханымда, қызыққұмар адам топтары – осының бәрі замндас серілер турнирінің ажырамас бөлігі. Дәстүр бойынша, жарыс ұйымдастырушылары Қазақстан халықтарының ассамблеясы және Славяндық мәдени орталығы бұл жарысты осы жыы 5-ші рет өткізіп отыр. Бұл клуб көп жылдар бойы Славяндық мәдени орталықтың мүшесі болып, жастармен қарым-қатынас жұмыстарына және түрлі ұлттың бірігуіне үлесін қосып отыр. Өскемен, Петропавл, Алматы, Омбы және Павлодар қалаларының қатысушылары өз өнерлерін көрсетті.
Бұл мереке қала тұрғындарын таңдандырып, өзінің өзгешелігімен орта ғасырға сүңгітіп, көз алдарынан ержүрек сарбаздардың жеңіс үшін шайқасын көрсетеді. Қызықты шайқастан басқа, тағы да айта кетерлік маңызды жайт, ол сарбаздардың киім – кешегі.
Европаның 16-шы ғасыры, Орданың 14-ші ғасыры, Монғол халықтарын бейнелеп, дулығасымен, қалқан-сауыттарымен, жалпы алғанда 35 келіні құрайтын жабдықтауымен алаңда бой көтерді.
Дәл осы ерекшеліктер тарихи семсерлесудің негізі болып табылады. Мерекенің осындай түрі, жаңа ағымдағы бұл спорт түрін насихаттау, сонымен қоса Қазақстандағы ең жүйрік, ең күшті жауынгер топтарын анықтау мақсатымен ұйымдастырылған.
Тренингтің басты міндеттерінің бірі – ол балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Білім беру органдары мен ұйымдарының мамандарына балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығының профилактикасы, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық нормаларын бұзуын болдыртпау және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде әдістемелік құрал әзірленді. Мұндай іс-шара жастардың арасындағы қарым-қатынасы және өзара мінез-құлықтары жөнінде ой қозғауына, сонымен қоса өз болашағын саналы түрде жоспарлауына да игі әсерін тигізеді.
Құмды жағажайдағы басты сауықтардың бірі, ол – мүсін жасауға барынша көп мүмкіндік беретін, құммен ойын. Атап кетерлік, соңғы онжылдықта құмнан мүсін жасаудың танымал болғаны сонша, тіпті өнер қатарына жатқызылып отыр. Тек жаз мезгілінде ғана, мұндай тамаша айшықтар бой көтеріп, көрермен көзін бірте-бірте өзіне тартады. Осыған орай, қала тұрғындары арасында көптеген фестиваль, байқау мен сайыстар өткізіледі.
Орталық қызметкерлері, бастаманы өз қолына алып, барлық белсенді демалушыларды Ертіс жағалауына шақырып бұл байқауды жүзеге асырды. Берілген 40 минут ішінде әр топ қатысушылары өз қиялына сүйеніп, кез-келген мүсін жасауы тиіс болды.
Баршасы, үлкені де, кішісі де тырысып, әрқайсысы өнер қырынан көрінгісі келді. Әлдебіреу қорған құрды, тағы біреулері өз отансүйгіштігін көрсетті, сонымен қоса қызықты қырықбуын, жүрек, жануар мүсіндері де кездесті.
Орталық қызметкерлері, мұқият қорытынды жасап, мұндай сайысқа құштар болған қатысушылардың барлығына шағын жүлде сыйлады. Осындай іс-шара қала тұрғындарының демалысын жанға жайлы, жадыда қаларлық, тамаша естелік болып қалмақ.
Павлодар қаласының қолөнершілері, сондай-ақ Екібастұз және Новосибирск қалаларынан келген қонақтар өз еңбектерінің жемісіне бөленіп, білгендерімен айналасындағылармен бөлісуге дайын тұрды. Екібастұз сабыншылары өздерінің әдемі, көз еліктіретін, тіпті өздік пішіндері бар өнімдерін, мейлі ол кішкентай аю, жүрек, гүл болсын, қысқаша, өз көрерменін тауып, тәнті етті.
Әшекейлер мен ойыншықтардың түр-түрі адам жанын өзіне баурап, құр қол жібермеді. Олар: фоамираннан жасалған шаш бұйымдар, шетелдік өкілдер ұсынған полимерлік саздан жасалған салпыншақ пен сырға, сонымен бірге ашық бояулы жеңіл жейделер, шифон, жібек маталарынан әзірленген текстильді бұйымдар, кофе дәнінен жасалған ерекше өнімдер, даярлығына көп уақытты қажет ететін, киізден жасалған ойыншықтар мен пластикалық қуыршақтар, табиғи тастан жасалған әшекейлер мен қолдан ойылған қабырға сағаттары және де жұқа киізден жасалған жұқа қалпақтар болды.
Осыдан басқа, қала тұрғындарын Шамбала білезігін өру және ақ жейдеге көркемсурет салу бойынша қызықты мастер – класс күтті. Жексенбілік Арбат ықтиятты еңбек өкілдеріне өз табынушылары мен тәжім етушілерін кездестіруіне қолғабыс етті. Ал сатып алушылар өз кезегінде жан шаттығына бөленіп, риза болып қайтты.
Сахнада хип-хоп, паркур, брэйк дэнс, футболдық фристайл өкілдері және роллер мен скейтерлер өз дарынын көрерменге ешбір аямай сыйлады.
Бұл жастардың көркем әрі әсерлі орындаулары, айла-шағырлы шеберлердің күші мен трюктері көрермен көзайымы болды. Үлкендердің жастар әуестері мен шығармашылығымен танысуға, ал жастардың өз кезегінде жаны жақындарына қолдау болуға мүмкіндігі болды.
Осындай мереке, қазіргі жастардың шығармашылық болмысы және өзінің айрықша дарынын көрсете білу шеберлігіндегі көрнекі мысалы болмақ.



Мұндай, кез келген адамның бос уақытын алмастыруға қабілетті, қызықты әрі танымдық іс – шараның атын бір сын есіммен ғана сипаттауға болады – «креативті».