Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаңа мамандық ашылды «Мемлекеттік Жастар Саясаты»

Жаңа мамандық ашылды «Мемлекеттік Жастар Саясаты»

Жастарға Қызмет Көрсету Орталығы негізінде шілденің 23 жұлдызында С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің ректорыс Орсариев Арын Амангельдиевич Павлодар облысының Жастар Бастамаларын Дамыту Орталығының қала мен аудан қызметкерлері сонымен қатар, жастар ұйымдарының жетекшілері үшін жаңа мамандық «Мемлекеттік Жастар Саясаты» бойынша презентация өткізді.

Атап кетерлік тағы бір жайт, бұл мамандық Қазақстан Республикасында тұңғыш болып есептеледі. Толық оқу 2 жылды қамтиды және бір жылдық төлем ақысы 198 000 теңгені құрайды. Берілген бағыт бойынша мынадай 9 тармақ жетіледі:

  1. Табыс пен жетекшілік психологиясы;
  2. Іскерлік қазақ тілі;
  3. Ағылшын тілі;
  4. Менеджемент және қызметкерлерді басқару;
  5. Мемлекеттік политика;
  6. Бюджеттік үдеріс;
  7. Нормативтік құқықтық актілері;
  8. Мемлекеттік сатып алу;
  9. Антижемқорлық саясат және заңнама.

Мамандыққа құжат қабылдау 2015 жылдың 10-шы шілдесінен 30 шілдесіне дейін жүзеге асады. Барлық сұрақтар Ломов көш. 64, С. Торайғыров ПМУ Басты корпусқа жүгінуіңізді сұраймыз. Байланыс телефондары: (8-7182) 673-773, 673-774(ішк.1101), +77073673773.

 
0
0
944

Осы тақырып бойынша

Жаңа мамандық ашылды «Мемлекеттік Жастар Саясаты» - Yvision.kz