Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жас граффитистер фестивалі

Жас граффитистер фестивалі

Әдетте біз әдемі граффитиді көргенде оның сұлулығына тамсансақ та, ол көркемдіктің қаншалықты еңбек пен шеберлік арқылы келетінін көбіміз естен шығарып жатамыз…

Солайша,  өткен жексенбі күні  «Арбат 2015» жастар көрмесі шеңберінде  Орталық жағалауда жиналған қауым, қолдың епті қимылдарымен әр түрлі граффити салатын суретшілермен, яғни өз ісінің шеберлерлерімен танысып шықты. Сонымен қатар, үлкен мен кішінің көңілін көтеруге «Just Fly Crew» мен «North East» би командалары ат салысты. Тағы бір елеусіз кете алмайтын жайт, ол жергілікті қолөнершілердің қайталанбас, қызықты жұмыстары. Олардың өз қолынан жасаған жарқыраған, ерекше бұйымдарына иемделген адамдар, бұл көрмеден мәз-мейрам болып қайтты.

Мұндай, кез келген адамның бос уақытын алмастыруға қабілетті, қызықты әрі танымдық  іс – шараның атын бір сын есіммен ғана сипаттауға болады – «креативті».

   
0
0
366

Осы тақырып бойынша