Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Қалалық орам ырғақтары»

«Қалалық орам ырғақтары»

Дүние жүзіне зиялылық нұрын төгетін тоғыз жолдың торабындағы Еуразияның, әлемнің сәулетті қаласына айналып отырған ғажайып шаһардың, еліміздің астанасының туған күніне орай Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ бастаманы өз қолына алып, жоспарлаған «Қалалық орам ырғақтары» концерттік бағдарламасын кешегі күні ойдағыдай іске асырды.

Бұл мереке атауының өзі айтып отырғандай, ол жастар мәдениетінің, ойын-сауықтарының және жарқын өмірінің айнасы іспеттес.

Сахнада хип-хоп, паркур, брэйк дэнс, футболдық фристайл өкілдері және роллер мен скейтерлер өз дарынын көрерменге ешбір аямай сыйлады.

Бұл жастардың көркем әрі әсерлі орындаулары, айла-шағырлы шеберлердің күші мен трюктері көрермен көзайымы болды. Үлкендердің жастар әуестері мен шығармашылығымен танысуға, ал жастардың өз кезегінде жаны жақындарына қолдау болуға мүмкіндігі болды.

Осындай мереке, қазіргі жастардың шығармашылық болмысы және өзінің айрықша дарынын көрсете білу шеберлігіндегі көрнекі мысалы болмақ.

 
0
0
438

Осы тақырып бойынша

«Қалалық орам ырғақтары» - Yvision.kz