Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу жолдары» тренингі

«Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу жолдары» тренингі

Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан дақоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады.

Кешегі күні, Жастар бастамаларын дамыту орталығының мамандары және Май ауданың әкімшілік полицияның аға инспекторымен бірге «Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу жолдары » және «жастар арасындағы агрессивті мінез-құлық » тренингі өтті.

Тренингтің басты міндеттерінің бірі – ол балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.

Білім беру органдары мен ұйымдарының мамандарына балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығының профилактикасы, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық нормаларын бұзуын болдыртпау және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде әдістемелік құрал әзірленді. Мұндай іс-шара жастардың арасындағы қарым-қатынасы және өзара мінез-құлықтары жөнінде ой қозғауына, сонымен қоса өз болашағын саналы түрде жоспарлауына да игі әсерін тигізеді.

 
0
0
3659

Осы тақырып бойынша

«Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу жолдары» тренингі - Yvision.kz