Қазақстанның бәсекелесу қабілеттілігінің рейтингісін жоғарылатудағы бизнестің рөлі семинары
Қазақстанның бәсекелесу қабілеттілігінің рейтингісін жоғарылатудағы бизнестің рөлі семинары
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Ұлы жолдан өтті. Біздің еліміз айрықша бәсекеге құабілетті 50 елдің қатарына енді және бүгінгі күнде әлемнің ең дамыған 30 мемлекет санына ілігейін деген мақсат қойып отыр. Бірақ, осыған қарамастан, 2014-2015 жылдың бәсекеге қабілетті глобалді рейтинг бойынша., біздің еліміз кейбір тармақтар бойынша жарамсыз позициялар алып жатыр, соның ішінде 4.03 индикаторы бойынша – туберкулездің бизнеске әсері – рейтингте 111 орын, сонымен қатар 4.05 индикаторы бойынша - АИТ мен ЖИТС-тің бизнеске әсері – рейтингде 81 орын.
2015 жылдың 22 шілде күні, Жастарға Қызмет Көрсету Орталығы негізінде ШҚО ЖҚҰ «Жастар салауатты өмір салты үшін» ұйымы Павлодар қаласының Атамекен Мемлекеттік Кәсіпкерлер Палатасы бірігуімен, «АИТ/ЖИТС және туберкулездің Қазақстан бизнесіне әсері» семинарын өткізді. Берілген іс-шараның мақсаты: ауқымды бәсекелестікке қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту және аурудың төмендеуі мақсатында АИТ/ЖИТС, туберкулезді емдеу, оның алдын-алу туралы бизнес-құрылымдардың ақпараттандырылуын жоғарылату. Оқиға барысында семинар қатысушылары мен тренер Абраева Райхангүлмен келесі тақырыптар талқыланды: «АБҚ дегеніміз не?», «Қазақстанда туберкулез – Статистика мен нышандары, алдын алу», «АИТ және аңыздар», «Туберкулез бен АИТ Сіздің бизнесіңізде әсер ете ме?» және «Тиімді бизнестің үш алыбы». Кәсіпкерлерді таңба туралы ескерту көрсеткіштердің жақсаруына сенімділік береді және АИТ/ЖИТС, туберкулез ауруларының алдын алу бойынша саясатты жетілдіру жолында алғашқы қадам болмақ.
