Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

XII Ұлттық Дельфий ойындарының жеңімпаздары оралды

Бүгін Жастар бастамаларын дамыту орталығында XXII Ұлттық Дельфий ойындарының жеңімпаздарымен пресс- брифингі өтті.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  1-5 қараша күндері Степногорск қаласында  ХІІ ұлттық дельфи ойындары өтті.  Дельфи ойындары – талай жас талантарды бір арнаға тоғыстырып, классикадан бастап қазіргі заманға дейінгі өнердің барлық түрін қамтитын байқау.  Байқау мақсат – талантты жастарды насихат­тау, мәдени әлеуетті сақтап, дамыту, мәдениет пен өнердің озық үлгілерінде тәрбиелеу, жастар шығармашылық ұжымдарының кәсіби деңгейлерін арттыру. Аталмыш жарысқа  жастар 19 аталым бойынша сынға түскен. Олар: Фортепиано, Скрипка, Баян/ Аккордеон, Ұлттық аспаптар (Домбыра, Прима-қобыз, қыл-қобыз), академиялық ән айту, дәстүрлі ән айту, халық биі, заманауи би, фотосурет, тележурналистика, қысқаметражды кино-бейнероликтер, өнертапқыш, киім дизайны, сәндік-қолданбалы өнер, ыммен ән орындау шеберлігі, ди-джей.

Дельфийлік ойындар біздің эрамызға дейін, 582 жылы  Овидия және Плутарха заманында басталған. Бұл ежелгі ұлы антикалық бәйгелердің шығу тегі мен дамуына анық жауап жоқ. Дегенмен, 1600 жыл бұрын бұл ойынның өткізілуіне тыйым салынған. Жүздеген жылдарды артқа тастап қана ежелгі дәстүр жаңарып ойын қайта Грекия мемлекетінде өте бастады.

Дельфий ойындарының Жаңа кезеңі 1994 жылы Халықаралық Дельфилік кеңес құрылған кезде басталды. 19 елдің өкілдері штаб – пәтері Берлинде орналасқан, халықаралық үкіметтік емес ұйым ашуды шешті. Кейінгі жылдары әлемнің көптеген елдерінде ұлттық Дельфиилік кеңестер құрылды.  Ал, 2000 жылы 27 мемлекеттің өкілдерінің қатысуымен Мәскеу қаласында бірінші Бүкіләлемдік  Дельфий ойындары өтті. Ол ойында 18 аталым бойынша 938 адам  бағын сынады. 2005  жылдың маусым айында Қазақстанның Дельфиилік комитеті заңды тіркеуден өтті.

Павлодар өңірінен қатысқан өнерпаздар екі алтын бір қолаға қол жеткізді. Олар: Тұрсынбаева Сая «Қобыз» номинациясында алтынды қанжығасына байласа,  «Баян/аккордеон» номинациясында  Абай Мадияр тағы бір алтынға қол жеткізді.  «Джем» заманауи би тобы болса қола медалдерге қол жеткізді.


     
0
0
944

Осы тақырып бойынша

XII Ұлттық Дельфий ойындарының жеңімпаздары оралды - Yvision.kz