Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Серпіндік студенттер арасында «Аламан» фестивалінің кезекті байқауы өтті

«Жалынды сардар» осы атаумен Красноармейка аграрлы-техникалық колледжінде «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» - "Серпін 2050" жобасының " студенттері арасында «Аламан» фестивалінің кезекті байқауы өтті. Студенттер алдарына жан салмай үздік деген өнерлерін көрсетті. Сайыс қортындысы бойынша І орынға Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтының студенті Рахман Құрманғалиев ие болды.

Айта кетерлігі осы аптада Ақсу қаласы Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінің «Серпін -2050» Мәңгілік ел жастары грант иегерлері арасында «Аламан» Фестивалінің  «Жайдарман» атты сайысы болып өтті.
Сайыс барысында 8- оқу орыны қатысты . Атап өтсек:
1. Павлодар Мемлекеттік Университеті
2. Павлодар Мемлекеттік Педогогикалық Институты
3. Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі
4. Павлодар МемлекеттікТехнологиялық колледжі
5. Павлодар Мемлекеттік Бизнес колледжі
6. Красноармейка Агротехникалық колледжі
7. Павлодар Көлік Комуникациялық Транспорт колледжі
8. Павлодар Мемлекеттік Химика Механика колледжі.

Сайыс қызықты әрі тартысты түрде өтті. Өмірде дос сайыста қарсылас Серпіндіктер сайыста жақсы әсер ала білді. Нәтижесінде «Жайдарман» сайысының кубогы, бас жүлде Павлодар көлік және коммуникациялар колледж студенттеріне  бұйырды. І орын - Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі, ІІІ орын - Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының командасы жеңіп алды.

Жеңімпаздарды Павлодар облысының Серпін студенттерінің жетекшісі, әділқазы төрағасы Ғабит Хафиз дипломдар және жүлделермен марапаттады.

0
0
1512

Осы тақырып бойынша

Серпіндік студенттер арасында «Аламан» фестивалінің кезекті байқауы өтті - Yvision.kz