Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мәскеу қаласындағы беделді компанияның президенті біздің өңірге келді

Жастар бастамаларын дамыту орталығында "Ертіс Инвест-2016" халықаралық форумы аясында  «Инвестицияны тартудың халықаралық табысты тәжірибесі» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарды алғашқы сөзімен аймақ басшысы Болат Жұмабекұлы Бақауов кешегі өткен Ертіс Инвест-2016" халықаралық форумының нәтижесімен бөлісіп, семинар оқытушысы Идрисов Александр Борисовичпен таныстырды. Аталған іс-шараға облысымыздың кәсіпкерлері, қала әкімдері мен аудан әкімдері қатысты.

Идрисов Александр Борисович Мәскеу қаласындағы беделді Strategy Partners Group  компаниясының президенті. Ол өзінің сан жылдаған тәжірибесімен бөлісіп, жиналған кәсіпкерлерге кәсіби сабақ берді. Өткізілген семинар біздің кәсіпкерлерге тағы бір мүмкіндік, тағы бір сатыға көтерілу. Шараны ұйымдастыруға Жастар бастамаларын дамыту орталығымен қоса Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы өз үлестерін қосты.

 
0
0
479

Осы тақырып бойынша

Мәскеу қаласындағы беделді компанияның президенті біздің өңірге келді - Yvision.kz