Қала тұрғындарына бос қызмет жәрмеңкесі өткізілді
Жас келсе, іске! Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» бүгін қала тұрғындарына кезекті бос қызмет жәрмеңкесін өткізді. 26- ға жуық жұмыс беруші кәсіпорындар мен ірі ЖШС өкілдері, АҚ мүшелері түрлі бос қызмет орындарын ұсынды.

Бүгінгі жәрмеңкеге «ПРЭК»АҚ-сі, «Гелиос» ЖШС, «Казпочта» АҚ, «Күзет» АҚ, «Горкомхоз-Павлодар» ЖШС, «Смак-ПВ» ЖШС, «Крендель» ЖШС, «Казэнергокабель» АҚ, «KSP Still» АҚ, «Павлодарэнерго» АҚ, «Кастинг» ЖШС, «Трамвайное управление» АҚ, «Рубиком» ЖШС т.б. қатысты.

Сан түрлі мамандықтан өз қызметін табуды көздеп келген жастардың қарасы көп болды. Жұмыс іздегендерге 270 тен аса қызмет орындары ұсынылды. Олар түйіндемелерін қалдырып, жұмыс берушімен сұхбаттасып, кеңес алды.
