Мазмұнға өту
Beibit_Sarybai

Бейбіт Сарыбай

@Beibit_Sarybai

Сайтта 2018 ж. 16 қаңтар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

78

пікірлер

0

тіркелуші

70

жазылымдар

0

Модаға ода

Қатар-қатар «тапқан» қыз, Тапқандарын баққан қыз. Жетісайда туылып, Жетісуға жаққан қыз. Құрақ болып жайқалып, Бұлақ болып аққан қыз. Алатаудан Арқаға Қоныстанып жатқан қыз. Патырлатып тіккізіп, Сатырлатып сатқан қыз. Бір «Орамал» мөлдіреп, Бір орамал желбіреп, Пайдасына батқан қыз. Албандарға ақ таң қыз, Мақтаралға мақтан қыз. Нарынқолша айтқанда, Айтары жоқ, қатқан қыз. Ол кім десең, жауабы: Орамалын таққан қыз.

Ақпарат көзі

0
0
191

Жарықпұл

«Біздің үйдің шамы бірақ, Бәрінен де кеш сөнетін». (Қ.Сарин)

Кітап мені қарық қылды, Ақын болдым төкпелейтін. Жан дүниемді жарық қылды, Белгілі боп көпке кейпім.

Есіме алсам зарық күнді, Анам кейде өкпелейтін. Ай соңында жарықпұлды, Өзгелерден көп төлейтін...

Бастан солай көктем өткен, Ал, бүгінім жазым шығар. Жарықпұлды көп төлеткен, Ақындар мен жазушылар.

Алла берген маған арды, Одан өзге жоқ бағалым. Қазір мен де гонорарды, Өзгелерден көп табамын.

Бәрі, бәрі бала күнгі, Жемісі ғой оқығанның. Алып ылғи саналы үлгі, Ой, зердеме тоқығанмын.

Жеттім мен де көздегенге, Дауысымды өктем етіп. Жүрмін мен де өзгелерге, Жарықпұлды көп төлетіп.

Ақпарат көзі

0
0
215

Өмір сүргім келеді...

Жоқ болса жоқ болғаны да, білмесек білмегеніміз де жөн болған екен. Әйтпесе, біразымыз қырылып қалар едік. Құрттай бала едік қой. Өзіміз биттей, намысымыз таудай-тұғын. Адам өскен сайын өзі таудай болып, намысы биттей бола ма деймін. Иә, түрімізге қарамай намысымыз, ұятымыз сұмдық еді ғой. Біздің намысымызға нұқсан келетін, ұяттан бетіміз өртенетін күн диктант жазған күн еді ғой. Диктант дегенде төбе шашымыз тік тұратын. Жазғанда да қорқып отырып жазасың. Ең қорқыныштысы келесі сабақ. Диктанттың қорытындысы шыққан сәт. Апайың әркімнің дәптерін өзіне таратып береді. Ашып қарайсың. Қып-қызыл. Қан-жоса. Алған бағаң екі. Мұғалім журналды ашып, бағаларды қоя бастайды. Дәптерді таратпай тұрып, бағаларды қойып алса несі кетеді десеңші. Жоқ, өйтпейді ғой. Дәптеріңді таратады. Алған бағаңды өзіңе…

1
0
1245

Қазақы уайым

Ерлі-зайыпты екеуі жұпыны дастархан басында ауқаттанып отыр. Балабақша жасындағы ұлдары бір дөңгелегі сынып қалған камазымен ойнап жүр. Одан сәл кішірек қызы жыртылған қағаздың бір шетіне сынық қарындашпен үйдің суретін салып отыр. Әйел қолындағы ұялы телефоннан көзін алар емес. Кейде тамсанып қояды. Ал, кейде телефонның бетін күйеуіне қаратып: - Мынаны қарашы, жүз он-ақ мың теңге екен. Еще алты орындығымен...-деп қояды. Күйеуі үнсіз. Үнсіздікті тағы да әйел бұзды. - Үйден хабар жоқ па? - Атлеттер калашыгынан беріп қалатын шығар. - «Асыл арманнан» да қалдық, «Жас қанаттан» да қағылдық. Енді бұдан қалсақ... - Болып қалар енді. - Біз үй аламыз дегенше, Ойликстағы (OLX) заттар да бітетін шығар...

Ақпарат көзі

0
0
323

Жалғыз жалбыз

Әкесінің әкесі де жалғыздан туған жалғыз екен. Бес атадан бері жалғыздан жалғасып келе жатқан әулет. Бағланның әкесі бұл бала беске толар толмаста о дүниелік болған. Ендігі бар үміт Бағланда. Бұл бала аман-есен өсіп, келіншек әкеліп, ол келіннің аяғы құтты болып, пұшпағы қанап жатса, және ол шақалақ ұл болса... Онда арман жоқ. Құдай бетін аулақ қылсын, әгәрәки Бағлан ол күнге жетпесе, бір атаның ұрпағы осымен тәмәм-түйін. Анасы соны түсінгендіктен, осы шаңырақтан кетпеді. Әйтпесе, сол кезде отызға да толмаған уыздай келіншек екен. Ұлы дүниеден өтсе де, келінінің кетпегеніне, немересінің бауырында өсіп келе жатқанына шүкіршілік қылған әжесінің Аллаға айтар шүкірі сансыз. Ендігі бар тілеуі осы бала. Өмірінің мәні де сәні де осы. Осыны білген Бағлан дандайсып-ақ кетсе болар еді. Өйтпеді. Әке…

0
0
766

Таза қуу...

прокуратура - айып құрау, астановка - түсiп қалу, вытрезвитель - iшiп бару, вход - кiрiп келу, выход - шығып кету, влюблён - сүйiп қалу, обжигаться - күйiп қалу, гардероб - шешiп тастау, оперблок - кесiп тастау, БАР - iшiп алу, туалет - ты...ып алу, наркоз - талып қалу, перевозки - алып бару, пар - жан шыдату, душ - тамшылату, бессейн- батып кету, комната отдыха - жатып нетiу, реанимация - жан шақыру, терроризм - малша қыру, инсульт - ессiз жату, инфаркт - түссiз қату, кома - ғайыпқа ену, штраф - айып беру, и юрьма - көнiп бару, морг - өлiп қалу, тихий час - қатты қалғу, землятресения- көттi бал қу, подгонка - тон қысқарту, соц.сеть - жол қысқарту, роддом - бала туу, перевод - таза қуу...

Ақпарат көзі

0
0
283

Мен романтикпін

«Менің атым шықса болды, атағым шықса болды, баспам жарнамаланса болды, ақшаңның да, басқаңның да керегі жоқ»,-деген ағамыз, қоярда-қоймай шықпаған кітапқа тұсаукесер жасатты. Сол күні шығарып әкелген бес кітабы кешке қарай мұқабасы бөлек, өзі бөлек шашылып жатты. Іс бітті, қу кетті. Анандай сапамен шықпағаны да жақсы болды. Елден-жұрттан ыңғайсыз болды. - Кітап қайда?-деген жұртқа не айтарымды білмедім. Айгүл Болатханқызы: - өз ақшаңа болса да шығар, ұят болады,- деді. Оған ақша қайда? Сөйтіп жүргенде Нұрғали Нүсіпжановтың тойында Жақсылық Омар досқа жолығып қалдым. - Кітап құтты болсын,-деді. - Құтты болмады,-дедім. - Неге? - Солай. - Онда... Сөйтіп артық-ауыс (саясатқа қатысы бар) әңгімелерін алып тастап, жуасытып, облыстық қаламгерлермен бірге осылай шығардық... 200 дана кітапты қолым…

0
0
673

Жоқ жоқ

Баяғыда, патсан кезiмiзде. Бiрiншi майдың он жетiсiнде или он сегiзiнде. Содан шөптi ешекке артып, үйге қайттық. Ешектiң алдына мен отырдым, артына братишкам отырды. үйге кеп қарасам жоқ қой. Ешектен түсiп қалған да, мiне алмайды да. Былай қарайым жоқ, былай қарайым жоқ, ешектiн астын караймын жок, исчез. Ешекке мiне алмайды да патсан. Ерке Есмахан: Алматыда жоқ, жоқ. Астанада жоқ, жоқ. Сенi iздедiм. Ақтөбеде жоқ, жоқ. Шымқалада жоқ, жоқ. үмiт үзбедiм. Анда барам, жоқ, жоқ. Мында барам, жоқ, жоқ. Мен: Ол да есекке мiне алмайтын бiреу болды ғой...

Ақпарат көзі

0
0
577

Балмұздақ

Аяз кәрiне мiнiп тұрған қаңтар айында. Кiлең қазақтар тұратын ауылда чукча деген атымен жоқ болатын. Онда неге қыста балмұздақ сатылды дерсiз. Себебi жазда жеткiзу мүмкiн емес болған. Ерiп кетедi емес пе. Ал қыста қатқан күйi баратын. Бiз сол балмұздақты қатып-семiп тұрып жеушi едiк. Балмұздақ болғанда сол баяғы стаканчик қой. Стаканы картон қағаз. Сол жылы жазда Алматыға келдiм. Осы қалада тұратын бөле әпкем балмұздақ әпердi. Стаканчик. Бiрақ, бұның стақаны картон қағаз емес, вафли екен. Ондайды көрмеген басым бөлемнiң бетiне жәудiреп қарап: - Тәте, челегiмен жей берейiн бе?..-деппiн ғой. Мамбет десе. Содан берi неше челек балмұздақ жедiк екен? Ал, балаларым бұны жақтырмайды. Арзан дейдi.

Ақпарат көзі

0
0
377

Кедейдің бір байлығы – туған жері.

Ниет қылсақ, Андағайлап Анадолы асып алысқа шаппасақ та, арыдағы Алакөл мен берідегі Ыстықкөлге бір барып қайтуға болады. Бірақ, жамалмаған жыртықтар тұрғанда төрт дүниесі түгел адам құсап, төрткүл дүниені түгендеп жүрсек, өзге түгілі өзім деген жанашырларым-ақ «осынікі не талтаң» дер еді. Ең тыныш туған жер. Бір шетінен балалық шағың өткен қасиетті топыраққа деген сағынышыңды басып, айызыңды қандырып, балаларыңа атамекенін тағы бір мәрте көрсетіп қайтасың. Содан не керек, тартып отырдық. Алғашында балакүнімізден бірге өсіп келе жатқан достарымызбен балалы-шағалы болып бардық. Келесіде кейін табысқан қалалық достармен салт барып, салт қайттық. 1-сапар.

Ақпарат көзі

0
0
366