ru
QazAgym
QazAgym
QazAgym
457 жазбалар50 тіркелуші
0

Мен романтикпін

«Менің атым шықса болды, атағым шықса болды, баспам жарнамаланса болды, ақшаңның да, басқаңның да керегі жоқ»,-деген ағамыз, қоярда-қоймай шықпаған кітапқа тұсаукесер жасатты. Сол күні шығарып әкелген бес кітабы кешке қарай мұқабасы бөлек, өзі бөлек шашылып жатты. Іс бітті, қу кетті. Анандай сапамен шықпағаны да жақсы болды. Елден-жұрттан ыңғайсыз болды. - Кітап қайда?-деген жұртқа не айтарымды білмедім. Айгүл Болатханқызы: - өз ақшаңа болса да шығар, ұят болады,- деді. Оған ақша қайда? Сөйтіп жүргенде Нұрғали Нүсіпжановтың тойында Жақсылық Омар досқа жолығып қалдым.
- Кітап құтты болсын,-деді.
- Құтты болмады,-дедім.
- Неге?
- Солай.
- Онда...
Сөйтіп артық-ауыс (саясатқа қатысы бар) әңгімелерін алып тастап, жуасытып, облыстық қаламгерлермен бірге осылай шығардық... 200 дана кітапты қолыма берді. Жүзі -- жүз көрісуге ыңғайсызданып жүргендердің еншісінде. Қалған жүзін қатты алғысы келіп жүргендер Айгүл Болатханқызынан алсаңыздар болады. Алушылар жүзден асып жатса, қосымша шығарта жатармыз.
Баяғы "Мейірімді" ала алмағандар болса, оны да сол Айгүл Болатханқызынан аласыздар.
Айгүл. 87016520613

Ақпарат көзі