Бақытты Жамал (Шағын хикаят)
Алматының өзіне ғана жарасатын сұлу да сүреңсіз қысы. Сұлу болатыны ақ ұлпа қар басқан бақтар сондай әдемі. Әсіресе алыстан манаурап тұратын Алатау қандай көрікті. Ал сүреңсіз болатыны – көліктердің көптігінен көшелердің бойына жауған тап-таза қарлар көп ұзамай кірлеп кететін. Дүниеде әппақ дүниенің кірлегені қандай жаман. Түтін басқан қала күреңітіп тұратын.Осындай күндердің бірінде Жамал ақын жігітпен танысты. Жамалмен бірге тұратын қызға ұлттық университеттің филология факультетінен бір жігіт келіп жүретін. Мына ақын сол досымен еріп келіп, Жамалмен танысып қалған. Содан бері келгіштейтінді шығарды. Басында досымен бірге келіп, Жамалды да шақыртып алатын. Төртеуі қыдырыстап жүретін. Кейіннен жалғыз келетінді шығарды. Аты – Шернияз екен. Бірақ, достарының бәрі Шер дейтін көрінеді. Шер д…