ҚР-да медиацияны дамыту үлгісі жасақталуда
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастыруымен Қақтығыстарды алдын алу және шешу медиация орталығының отырысы өтуде. Аталмыш жиынның мақсаты отандық және шетелдік сарапшылардың, мемлекетік және құзырлы органдардың мамандарының қатысуымен қоғамдық келісім мәселелерінде медиация процедураларын пайдалануды талқылау, осы салада ынтымақтастық орнату, жаңа тетіктерді бірлесіп табу болып табылады «Аталмыш шара ҚХА 2020-жылға дейін дамыту тұжырымдамасы аясында өтуде. Медиация институты. Оның құралдары түрлі мәселелерді шешуде өте маңызды. Алайда Қазақстанда медиацияны басқаша пайдаланады. Егер халықаралық деңгейде медиация қақтығыстарды шешу, болдырмау құралы боса, Қазақстанда ол қоғамдық келісімді нығайту құралы болып табылады»,- деді «Қоғ…