Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Наурызбай ауданындағы қалпына келтіру жұмыстары белгіленген кестеге сай жүріп жатыр – Алматы әкімі

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Алатау және Наурызбай аудандарын аралап, қайта қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Атай кететін мәселе, аудандарды аралау барысында қала басшысы су қоршауының фильтрлеу стансасы мен насо стансасы мен бөгенді көрді.  Сонымен қатар, үйлері селден зардап шеккен тұрғындардың пікіплері тыңдалды. Жергілікті тұрғындар қала әкіміне төтенше жағдайдың салдарын жоюда жедел әрі жинақы әрекеті үшін алғыстарын білдірді.

«Қайта қалпына келтіру жұмыстары белгіленген мерзімге сай жүріп жатыр. Қарғалы өзенінің жағасындағы су басқан аймақтар тазаланды. Барлық үйлер электр энергиясымен, газбен және байланыспен қамтамасыз етілген. Сумен қамтамасыз ету жүйесі қысқа мерзімде қалпына келтіріледі»,-деді әкім.

Бүгін Наурызбай ауданында желі бойынша техникалық қажеттіліктерге су бере бастайды. Судың лайлығы сақталатындығын ескеретін болсақ, әзірге күн сайын цистерналармен 500-550 текше метр ауыз су жеткізілуде. Ауыз су беру жұмыстары тазалық жұмыстары толық аяқталып, зерттеу жұмыстары жүргізіліп, су ішуге дайын болғанды жүргізіледі.

Алматы қаласының үш ауданында біріккен күштің арқасында сел тасқынының салдарын жою жұмыстары,  сел-лай массасын тұрғын үйлерден, мектеп ғимараттарынан, көшеден, жолдан, өзен арығынан тазалау жұмыстары жүргізілуде. Жою жұмыстарына ТЖ комитеті аумақтық бөлімшелерінің, Республикалық жедел-құтқару жасақтарының, Апаттар медицинасы орталығының, «Қазселденқорғау» ММ, «Қазавиақұтқару» АҚ,  ҚР ІІМ Ұлттық ұланының, қалалық қызметтердің күштері мен құралдары жалпы саны 1489 адам мен 322 бірлік техника жұмылдырылған.

Наурызбай ауданында Қарғалы өзенінің бұзылған арығын бекіту және тазалау жұмыстары жүргізілуде. № 187 орта мектептің жер төлесі және аумағы тазалануда. Коммуналдық қызметтер сумен және газбен қамтамасыз ету бойынша аваряилық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. 172 тұтынушыға табиғи газдын берілуі қайта іске қосылды, қалған 17 үйді газбен қамтамасыз ету жұмыстары орындалуда.

Төтенше жағдайлар салдарын жою кезеңінде Алматы қаласының Наурызбай, Алатау және Әуезов аудандарынан  232,0 мыңнан аса лай-тас массасы шығарылды.

«Қазселденқорғау» ММ Ақсай шатқалында мұздақ көлдерді босату жұмыстарын жүргізу жалғастырылуда. Қарғалы өзені арнасынан судың өтуі жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізіледі, сондай-ақ  күн сайын Іле Алатауының сел қауіпті учаскелеріне мониторинг бойынша ұшу жүргізіледі.

Ақпарат көзі

 

0
0
224

Осы тақырып бойынша

Наурызбай ауданындағы қалпына келтіру жұмыстары белгіленген кестеге сай жүріп жатыр – Алматы әкімі - Yvision.kz