Қызылорда облысының 4 ауданын газдандыру жыл соңына дейін аяқталады
Қызылорда облысын кешенді газдандырудың І-кезеңінде 21 елді мекенді «көгілдір отынмен» қамтамасыз ету жоспарлануда. Оның ішінде 4 аудан орталығы жыл соңына дейін толық газдандырылады деп күтілуде, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Осы орайда, облыстық бюджеттен 2015 жылға 356,7 млн теңге қаржы бөлініп, бірнеше елдімекенге ортақ АГТС орнатумен қоса «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырынан газ құбыры-бұрпының құрылысының және Жақсықылыш кентін газдандыру бойынша жоба-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.
Бүгінде облыс орталығының 92 пайызы тілеспе газбен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда Арал ауданы, Айтеке би, Шиелі, Жаңақорған кенттері және Байқоңыр қаласы бойынша газдандыру жұмыстары қарқынды. Сондай-ақ Қарауылтөбе мен Белкөл елдімекендерін газдандыру бойынша жобасы жасалып, үкіметте қаралуда.
«Қазтрансгаз» АҚ-ның Қызылорда бойынша филиалы директорының орынбасары Қайнар Нұрлыбаев хабарлағандай, бүгінгі күннің өзінде 2500 тұрғын газ орнатуға арыз берген. АҚ мен «Хоум кредит», «Каспий банк», «Еуразия банкі» арасында келісім-шарт жасалып, тұтынушыларға қызмет көрсетуде. Сонымен қатар, «Қазтрансгаз» тарапынан 45 пайыздық жеңілдіктер де қарастырылған.
Сонымен қатар, Қызылорда облысында жаңа оқу жылында 16 500 бала мектеп табалдырығын аттайды. Оның ішінде 10 564 бала толық емес отбасында, қолайсыз отбасыларды 472, көпбалалы отбасында 20 802, тұрмысы төмен отбасыларда 15 065 мектеп жасындағы балалар тәрбиеленуде.
Облыста 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтетін биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылып отырған «Мектепке жол» республикалық акциясы ағымдағы жылы «Балаға мейірім сыйла» ұранымен өтпек. Б.Сайлыбаевтың айтуынша, ең әуелі «Мектепке жол» акциясы аясында көмекке мұқтаж балалардың тізімі жасалады. Сондай-ақ облыстық ішкі істер департаментімен біріге отырып «қауіпті топ» балаларын анықтау мақсатында рейдтік шаралар қолға алынды.
«Былтыр аталмыш акция барысында облыс аумағында 24 мың балаға 120 млн. теңгенің көлеміндегі көмек көрсетіліп, 774 рейдтік іс-шаралар өткізілген болатын. Ағымдағы жы да «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру мен өткізу туралы кешенді іс-шаралар жоспары әзірленіп, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Кенжеханұлымен бекітілді. Акция барысында «Балаға мейірім сыйла!», «Ауыл балаларына – мектепке сыйлықтар», «Отбасы отбасыға көмек көрсетеді: балаларды мектепке дайындаймыз» атты қайырымдылық шаралары өтеді. Алыс елдімекендерде мектепке қажетті құрал-жабдықтардың жылжымалы жәрмеңкесі, сенім телефондары мен жедел байланыс желілері үздіксіз жұмыс жасайтын болады», - деді басқарма басшысы.
