2015 жылы 32 мың білім беру гранты берілді — ҚР БҒМ
Астанада Білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия жұмысына кірісті. Биылғы жылы мемлекет тарапынан 32 мың 168 грант бөлінді, деп хабарлады Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов. «Бүгін біз Білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның мәжілісін өткіземіз. Биылғы жылы жоғары оқу орындарында білім алулары үшін мемлекет тарапынан 32 мың грант бөлінді. Баршаға мәлім, биылғы жылы ҰБТ нәтижелері жоғары болды, оның нәтижесінде білім беру гранттарын тапсыру байқауына 67 мың жас қатысуда»,-деді А.Сәрінжіпов. Білім беру гранттарын алуға байқау негізінде анықталған 60 жоғары оқу орны лайықты деп танылды. «32 мың гранттың үштен бірі немесе 12 мың 500-і техникалық мамандықтарға беріледі, 6 мыңы педагогикалық, 2 мың 500-і ауыл шаруашылығы саласының м…