Бірлік пен қоғамдық келісім моделін нығайтудың басты рөлін ҚР Конституциясы атқарады – Мемхатшы
Шығыс Қазақстан Елбасының қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік саясатын үздік әрі тиімді атқаратын өңірлердің бірі, деді ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған «100 қадам аясында Қазақстанның бірлігі мен халық тұтастығы» ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында.

ШҚО ақпараттық орталығы хабарлағандай, конференцияны аша отырып облыс әкімі Даниал Ахметов 2015 жыл біздің елге ерекше екенін айтып өтті. Бірқатар мерейлік мерекелер тойланбақ. Маңызды саяи реформалар енгізіліп, жүзеге асуда.

Шара барысында конференция қатысушылары конституциялық құрылыс, мемлекеттің саясаттың жүзеге асуы, патриотизм мен қоғамдық бірлікті нығайта түсу, ҚХА аясындағы «Үлкен мемлекет-үлкен отбасы», «Менің елім» жобаларын жүзеге асыру, «Мәңгілік ел» идеясын оқу бағдарламасына енгізу сынды мәселелерді талқылады.
«Институционалдық реформалар ең басты мақсат – 2050 жылға қарай 30 дамыған елдің қатарына ену. ҚХА 4 реформадағы «Бірыңғай болашақтың ұлты» бөлігін жүзеге асырады. Біздің бұлжымас тыныштығымыз Елбасы саясатының негізінде орнықты. Бірлік пен қоғамдық келісім моделін нығайтудың басты рөлін ҚР Конституциясы атқарады», - деді Г.Әбдіқалықова.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияның қорытындысы бойынша ҚХА өкілдері, меморган, бизнес-құрылым, ҮЕҰ өкілдері бірқатар ұсыныс алды. Оның ішінде «Мәңгілік» ел патриоттық идеясын дамыту бойынша бас қосулар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру жұмыстары бар.
Конференцияға қатысушылар конституциялық құрылыс, этносаралық қатынас саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, қазақстандық патриотизм мен біртектілікті қалыптастыру жөніндегі кешенді жұмыстар, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы», «Менің елім» сынды кең ауқымды әлеуметтік жобаларын іске асыру, «Мәңгілік Ел» идеясындағы құндылықтарды қазіргі оқу бағдарламасына енгізу туралы мәселелерді талқылады.
Мемлекеттік хатшы сондай-ақ әйелдер қауымымен: мәслихат депутаттарымен, бизнес-қауымдастықпен, мәдениет және білім беру мекемелері, қоғамдық ұйымдар басшыларымен кездесті. «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыруға әйелдер қауымының атсалысуын жандандыру, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, мемлекеттік және қоғамдық басқару ісіндегі әйелдердің үлесін арттыру, отбасылық-демографиялық саясатты дамыту мәселелері талқыланды.
