Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР-да ҚХА жанындағы медиация орталығы ашылады

Республикада ҚХА жанындағы Медиация орталығы ашылады, ол қоғамдық келісім саласы бойынша қызмет істейтін болады, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында «Қоғамдық келісім» РМБ директорының орынбасары Ғазиз Телебаев.

«Алдымен айтатыным,  бүгін Медиация күнінің ресми емес мерекесі. 2011 жылдың 5-ші маусымында медиация туралы заң енгізілді. Бұл әрине, сәйкестік, десек те өте маңызды. 6-7 тамызда медиация бойынша кеңес өтеді, сондай-ақ, медиация бойынша семинар-тренинг өтеді. Қазақстанда заң қабылданғаннан кейін медиация да пайда болды. Әлем бойынша медиация 20 ғасырдың 70-ші жылдарынан басталды», - деді Г.Телебаев.

Медиация – дауларды соттың қатысуынсыз шешу.

Маманның айтуынша, Қазақстанда мелиация таралған. Оны сот, оның ішінде жоғарғы сот сынды мемлекеттік органдар қарамағына алды. Осы сынды бағытта Бас Прокуратура, ҚР Әділет министрлігі,  жұмыс істейді. Оған қоса республикада ҚХА жанындағы медиация орталығын ашу жоспарланған.

«Меніңше, бұл орталық біз медиацияны қоғамдық келісім, этникалық қарым-қатынас, дау-дамайға жеткізбеушілік ретінде түсінеміз. Дау болғаннан кейін оны сот әдістерімен емес, сол дауға жеткізбей шешу қажет. Егер де біз даудың бір ұшқынын, нышанын байқайтын болсақ, оған медиаторлар араласады. Меніңше, ҚХА құрылымдарымен медиаторлар тығыз жұмыс жасайтын болады. Қазір өңірлерде қоғамдық келісім кеңестері бар. Олар медиаторлар қызметін атқарады», - деді ол.

Айта кетерлігі, медиация орталығының құрылуынан кейін медиаторлар мектебі ашылмақ.

Оның сөзінше, Еуропаның кейбір мемлекеттерінде мультимәдениет саясаты біршама қиындықтарды бастан өткеруде. Осы ретте Қазақстан қоғамдық келісім үлгісімен бөліспек.

«Баршаға мәлім, Еуропаның кейбір мемлекеттерінде мультимәдениет саясаты біршама қиындықтарды бастан өткеруде, осы ретте біз еуропалық әріптестеріміздің өздерінің тәжірибелерімен бөліскендерін қалар едік, біз де өз кезегімізде өзіміздің тәжірибемізбен бөлісеміз. Меніңше, Қазақстанның теңдессіз тәжірибесі бар, біздің қоғамдық келісіміміздің үлгісі өзінің тиімділігі мен нәтижесін көрсетуде. Бұл жәй ұран емес, бұл өзінің нәтижесін көрсетіп отырған кәдімгі мемлекеттік саясат. Біз бүгін Қазақстан халқын бір бүтін етіп біріктіру үшін қолдан келгеннің барлығын іске асырудамыз»,-деді ол.

Ақпарат көзі

 

0
0
480

Осы тақырып бойынша

ҚР-да ҚХА жанындағы медиация орталығы ашылады - Yvision.kz