ҚР-да медиацияны дамыту үлгісі жасақталуда
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастыруымен Қақтығыстарды алдын алу және шешу медиация орталығының отырысы өтуде.
Аталмыш жиынның мақсаты отандық және шетелдік сарапшылардың, мемлекетік және құзырлы органдардың мамандарының қатысуымен қоғамдық келісім мәселелерінде медиация процедураларын пайдалануды талқылау, осы салада ынтымақтастық орнату, жаңа тетіктерді бірлесіп табу болып табылады
«Аталмыш шара ҚХА 2020-жылға дейін дамыту тұжырымдамасы аясында өтуде. Медиация институты. Оның құралдары түрлі мәселелерді шешуде өте маңызды. Алайда Қазақстанда медиацияны басқаша пайдаланады. Егер халықаралық деңгейде медиация қақтығыстарды шешу, болдырмау құралы боса, Қазақстанда ол қоғамдық келісімді нығайту құралы болып табылады»,- деді «Қоғамдық келісім» РММ директоры Наталья Калашникова.
Оның айтуынша, отырыс толығымен тренингтерге арналады, ал олардың қорытындысы бойынша Қазақстанда медиацияны одан ары дамыту үлгісі жасақталады.
«Мұнда түрлі үлгідегі шетелдік медиация ұсынылады. Келген мамандар құрамы өте сауатты, олардың ішінде шетелдік мамандармен қатар отандық аймақтық медиаторлар бар. Біз оларды арнайы шақырдық, олар бізге отандық медиацияны дамытуда жаңа құралдар жасақтайтын болады», -деді ол.
Естеріңізге сала кетсек, Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында «Қоғамдық келісім» РМБ директорының орынбасары Ғазиз Телебаев: «Республикада ҚХА жанындағы Медиация орталығы ашылады, ол қоғамдық келісім саласы бойынша қызмет істейтін болады»,- деген еді.
«Алдымен айтатыным, бүгін Медиация күнінің ресми емес мерекесі. 2011 жылдың 5-ші маусымында медиация туралы заң енгізілді. Бұл әрине, сәйкестік, десек те өте маңызды. 6-7 тамызда медиация бойынша кеңес өтеді, сондай-ақ, медиация бойынша семинар-тренинг өтеді. Қазақстанда заң қабылданғаннан кейін медиация да пайда болды. Әлем бойынша медиация 20 ғасырдың 70-ші жылдарынан басталды», - деді Г.Телебаев.
Медиация – дауларды соттың қатысуынсыз шешу.
Маманның айтуынша, Қазақстанда мелиация таралған. Оны сот, оның ішінде жоғарғы сот сынды мемлекеттік органдар қарамағына алды. Осы сынды бағытта Бас Прокуратура, ҚР Әділет министрлігі, жұмыс істейді. Оған қоса республикада ҚХА жанындағы медиация орталығын ашу жоспарланған.
