Халқаралық Ақпараттандыру Академия Қоғамдық бірлестігі – Ашық келісімді қолдайды
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) қатысуымен Қ. Сатпаев атындағы Ұлттық техникалық униветситетінің мәжіліс залында Халқаралық Ақпараттандыру Академиясы (бұдан әрі - ХАА) Қоғамдық бірлестігінің Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Президиум мәжілісі өткізілді. Мәжілістің күн тәртібінде ынтымақтастық және ХАА мен Департамент арасындағы ашық келісім жасау тұралы мәселе бірінші болып қаралды. ХАА Вице-президенті, Департамент жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі Алексей Цеховой, сыбайлас жемқорлықпен күресте ҮЕҰ ролінің маңыздылығы және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне қарай төзбеушілік атмосферасын, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы…