Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ислам мәдениетінің «Нұр Мүбәрәк» Египет университеті сыбайлас жемқорлықтан тыс

Қоғамның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының нәтижелігін жоғарлату мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (бұдан әрі - Департамент) Ислам мәдениетінің «Нұр Мүбәрәк» Египет университетінде студенттер мен оқытушы құрамы қатысуымен семинар-кеңес өткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің консультанты Нұрбол Бейсеков 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияны, мемлекетімізді нығайтуға арналған 5 институттық реформаның тәжірибелік аспектілерін, «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының кәсіби мемлекеттік аппарат құру бағытын іске асыру, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Алматы қаласының Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі тетіктерін және сыбайлас жемқорлық қылмыс пен құқықбұзушылық  бағытында қылмыстық және әкімшілік кодексінің қағидаларын түсіндірді.

Университетте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны ескерту бағытына үлкен назар бөлінетінін университет проректоры Керім Шәмшәддін айтып өтті.

Семинар-кеңес сұрақ-жауап форматында өтіп, катысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта бейнероликтер көрсетілді.

0
0
696

Осы тақырып бойынша