Жемқорлыққа қарсы әрекет — жастар қоғамының басты міндеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент), Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасымен бірлесе ортырып, «Тұран» университетінде «Жемқорлыққа қарсы әрекет - жастар қоғамының басты міндеті: мәселелері және оны шешу жолдары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Конференцияны университет ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Алшанов Рахман Алшанұлы ашып, «Тұран» университеті жоғары, кәсіптік және орта білім беру мекемесі, ғылыми-зерттеу орталықтары мен қоғамдық ұйымдардың ерікті бірлестігі болып табылады. Университеттің мақсаты - талап-шығармашылық, материалдық-техникалық, қаржылық және ұйымдық ресурстарын пайдалана отырып, әр түрлі салалардағы мамандар дайындап, көп сатылы білім беру принципін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ университеттің белгіленген бағдарламасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізіліп, түсіндірме жұмыстары ұдайы жүргізіліп жатқандығына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттердің маңыздылығына тоқталды.
Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік Кеңес төрағасы Б. Камалов Елбасы Н. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының бес институционалды реформасын және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы тетіктерінің жүзеге асырылуына қатысты басты мәселелерге өз пікірін білдірді.
Университеттің проректоры Наталья Герасимова «Жемқорлыққа қарсы әрекет – жастар қоғамының басты міндеті» атты баяндамасында университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы студент-жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, Елбасының халық пен қоғам алдына қойған тапсырмалары аясында, соның ішінде өзекті мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және оның алдын алу міндетіне біз іс-шаралар дайындап, алдағы уақытта жүйелі жұмыс атқаруымыз керек деп атап өтті
Конференция барысында еліміздегі жемқорлыққа қарсы күрестің өзекті мәселелері талқыланды. Ғалымдар, профессорлар және университет оқытушылары мен студенттер осы конференцияға арнайы баяндамалар жасады. «Заңтану және халықаралық құқық» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Б.Торғаутова А. – «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың ұғымы, негізгі принциптері», «Заңтану және халықаралық құқық» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты В. Люцик - «Жемқорлыққа қарсы әрекет – Қазақстанның ұлттық саясатының маңызды бағыттарының бірі», Дінтану және халықаралық қатынастар кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты К.Канафин – «Қазақстанның ЖОО саясатында жемқорлыққа қарсы әрекет», Дінтану және халықаралық қатынастар кафедрасының доценті, саяси ғылымдарының кандидаты А. Самай «Тәуелсіз заманауи мемлекеттің дамуында жемқорлыққа қарсы әрекеттің негізгі аспектілері», Жастар ісі жөнінде Комитеттің төрағасы А. Кұлбеков «Жастар жемқорлыққа қарсы», Студенттік «Журналистер клубының» жетекшісі Д. Аккожа «БАҚтың – жемқорлықпен күрестегі басты күш» атты тақырыптарда баяндамалар жасады.

