Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғам — халықтың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық жауапкершілігін жетілдіруің қолдайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті және «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ, Алматы қаласы Әуезов аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалды  реформасын жүзеге асыру мақсатында «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары мен ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде, мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік емес үкімет ұйымдары, жоғарғы оқу және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Мемлекет пен азаматтық қоғам күші арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету»тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

МҚІ және СЖҚІҚА Алматы қаласы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс- қимыл жасау бөлімінің консультанты Асхат Байұзақов бес институционалдық реформа «100 нақты қадам» Ұлттық  жоспарды жүзеге асырылуы және  өкілеттік органың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша  алдында қойылған талаптар жәйлі айтып өтті.

«Халықаралық құқық қорғау орталығы»  ҚБ Президенті – жобаның жетекшісі Жәнділда Жақыпов «Халықтың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық жауапкершілігін жетілдіруге бағытталған кешенді іс-шараларын өткізу» жобасын іске асырудың нәтижелерімен таныстырды.

«Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қоғамдық Кеңесінің төрағасы Қайырбек Бергарипов  «2015-2025 жылдары «НұрОтан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасы» бойнша Қоғамдық Кеңесте атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтты.

«Қоғамдастық жоба» ҚБ басшысы Александр  Братенков «Құқықтық мәдениет -  сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру факторы» тақырыбындағы  баяндамасында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастаған реформаларының  маңыздылығы зор екенің атап өтті.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында «Халықтың құқықтық санасы мен  жауапкершілігін арттыруға бағыталған шаралар» атты жадынамалар таратылды.

   
0
0
807

Осы тақырып бойынша

Қоғам — халықтың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық жауапкершілігін жетілдіруің қолдайды - Yvision.kz