Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚазҰМУ студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті және ҚазҰМУ студенттері бірлесіп Амфитеатр алаңында ҚазҰМУ студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы атты Флеш-моб өткізді.

Флеш-мобтың басты мақсаты жұршылықтың назарын жастардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке аудару, жастардың құқықтық әлеуетін активтеу, жастарды адал және парасатты өмір сүруге шақыру.

Іс-шара алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Бақытбек Алишов ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі бағыттарын түсіндірді.

Студенттер ақ жеңіл жейде киіп билеп, өздерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қолдауын білдірді.

Іс-шара аяғында Бақытбек Алишов жас ағартушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты позитивті сауаттандырған үшін алғыс білдірді.

 
0
0
323

Осы тақырып бойынша

ҚазҰМУ студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы - Yvision.kz