Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасы медициналық орталығының «Алматы шипажайы» қызметкерлері – сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (ары қарай Департамент), «Елбасымыздың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол-болашаққа барар жол», 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын және «100 нақты қадам» Ұлттық бағдарламасын жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасы медициналық орталығының «Алматы шипажайы» АҚ басшылары, қызметкерлері және демалушылардың қатысуымен кеңес өткізді.

Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің кеңесшісі Б.Ж. Әлішов  «Елбасымыздың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол-болашаққа барар жол» атты Жолдауы мен 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы және Елбасымыздың «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVI съезінде айтылған мемлекетімізді дамытып нығайтуға арналған 5 институционалды міндеттері жөнінде қатысушыларға толық мағлұматтар берді.

«Алматы шипажайы» АҚ президенті Т. Тұңғышбаев өзі басқарып отырған мекеме бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан іс-шараларды баяндап, «Алматы шипажайы» АҚ қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың аса маңыздылығына тоқталып өтті.

Кеңес барысында барлық  қатысушылар көкейтесті тақырыптарды талқылауға белсенді араласып, сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ұғымына байланысты түрлі пікірлер білдірді.

Іс шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаднамалар таратылды.

     
0
0
360

Осы тақырып бойынша

Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасы медициналық орталығының «Алматы шипажайы» қызметкерлері – сыбайлас жемқорлыққа қарсы - Yvision.kz