Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Президент жанындағы орталық клиникалық аурухана сыбайлас жемқорлықтан тыс

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті Алматы қаласы Денсайлық сақтау басқармасымен бірлесе отырып, ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын насихаттау мақсатында, Президент жанындағы орталық клиникалық ауруханасында семинар-кеңес өткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Бақытбек Алишов сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың қауіптерін, көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтердің сапасына қалай назар аудару, құқыққорғау органдарының өкілдерімен кездескен жағдайда қалай әңгімелесу туралы түсіндірді.

Аурухана бас дәрігері Бахыт Данияров, шақырылған модераторларына алғыс білдіріп, сыбайлас жемқорлықпен кездескен жағдайда Агенттіктің 1494 телефонына қоңырау шалуға болатынын қатысушыларға айтып өтті.

0
0
626

Осы тақырып бойынша

Президент жанындағы орталық клиникалық аурухана сыбайлас жемқорлықтан тыс - Yvision.kz