Мазмұнға өту

Жаңа

Таразда бір үйдің қыздары суға батып кете жаздады

"Тараз қаласында жедел құтқару жасағының құтқарушысы Айдос Әбілда демалушылар арасында рейдтік алдын алу жұмыстарын жүргізу кезінде 2012 және 2014 жылы туған екі қыз баланы құтқарды" - деп жазған ҚР ТЖМ.

Қыздар демалыста әкесімен бірге суға түскен.

Төтенше жағдайлар министрлігі барлық азаматтарды суға түсі ережелерін сақтауға, балаларды қараусыз қалдырмауға, бейтаныс және жабдықталмаған жерлерде шомылмауға шақырып отыр.

0
0
326

Үйдің подъезінде бұрынғы әйелін пышақтап кеткен Атырау тұрғыны ұсталды

Күдікті Ақтауда бой тасалап үлгерген екен.

undefined

"Атырау облысы Полиция департаменті қызметкерлерінің кешенді жедел іздестіру іс-шарасы нәтижесінде 9 маусым күні Атырау қаласында көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінде 1991 жылы туған әйел адамды өлтіруге оқталған 1995 жылы туған күдікті Ақтау қаласынан анықталып, ұсталды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс тергелуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды", - дейді Атырау қалалық №1 полиция бөлімінің бастығы Руслан Бәйтенов.

Бұл сұмдық оқиға туралы кеше хабарлағанбыз.

0
0
422

Елімізде жаңа үлгідегі жеке куәлік беріле бастайды

15 маусымнан бастап ҚР азаматының жаңа үлгідегі жеке куәлігі қолданысқа енгізілді.

undefined

Фото: t.me/shymkentonline

Жаңа үлгідегі құжатта жеке куәлік иесінің азаматтығы мен жынысы туралы деректер көрсетіледі. Бұрын бұл мәліметтер жеке куәлікке салынған чипте болған.

Жеке куәліктің жаңа дизайны бюджеттен шығын талап етпейді және азаматтардың жаңа құжаттарды шығару үшін төлейтін мемлекеттік баж мөлшеріне әсер етпейді (2024 жылы мемлекеттік баж мөлшері 738,4 теңгені құрайды).

Жарамдылық мерзімі аяқталмаған жеке куәліктер бұдан әрі де жарамды болады. Қазақстандықтар жаңа дизайнды жеке куәліктерді тек алдыңғының мерзімі аяқталған кезде немесе оларды басқа да себептермен ауыстыру кезінде ала алады. Яғни бір мезгілде жаппай құжат ауыстыру болмайды.

Polisia.kz

0
0
590

Кызылординцы активно участвуют в акции «Таза Қазақстан»

Республиканская экологическая акция «Таза Қазақстан», реализуемая по инициативе главы государства, активно продолжается в Кызылординской области.В рамках акции активно проводились работы по благоустройству территорий парков, скверов и аллей, очистке их от мусора и посадке деревьев.Конкурс «Образцовый населенный пункт» акимата Кызылординской областиВ соответствии с поручением Главы государства «О развитии сельских территорий», среди населенных пунктов области традиционно ежегодно проводится областной конкурс «Образцовый населенный пункт», направленный на чистоту, благоустройство, озеленение.Конкурс представляет собой уникальный социально-значимый проект, способствующий озеленению родного края, формирование бережного отношения к природе и улучшение экологии.В 2023 году конкурс проводился 2…

0
0
702

Тоқаев комаға түсіп қалған сарбаздың ата-анасының үндеуімен танысты

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысты. Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті. Президент Қорғаныс министріне армияда мұндай жағдайға жол бермеу қажет екенін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырды", - деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.Айта кетейік, Отарға әскери борышын өтеуге барған 19 жастағы қостанайлық Нұржігіт Әбділпатта осыдан 10 күн бұрын есінен танып, Қордай ауруханасының жансақтау бөліміне түскен еді. Дәрігерлер ол полисегмпентарлық пневмонияға шалдыққан деп отыр. Қазір жігіт өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Ал ата-анас…

0
0
508

Құрбан шалу кезіндегі жарылыстан зардап шеккен 4 адам жансақтау бөлімінде жатыр

БҚО денсаулық сақтау басқармасындағылар Оралдағы «Ел ырысы» базарында болған газ баллоны жарылысынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты.

undefined

Фото: inform.kz

27-67 аралығындағы сегіз ер адам, сосын 2007, 2009 жылы туған екі бала зардап шеккен. Кәмелет жасына жетпегендердің біреуі жансақтау бөлімінде, екіншісі травматология бөлімінде жатыр.

Ересектердің үшеуі жансақтау бөліміне, ал төртеуі көпжарақат бөліміне орналастырылған.

Айта кетейік, Оралдағы оқыс оқиға кеше құрбан шалған малдың басын үйітіп жатқан кезде болған.

0
0
471

Үндістанда жүк пойызы мен жолаушылар пойызы соғысып, 15 адам қаза тапты

Көз жұмғандар саны әлі өсуі мүмкін. Әзірге 60 адамның жараланғаны белгілі.

undefined

Қайғылы оқиға Батыс Бенгалия штатындағы Рангапани станциясында болған. Тауар тиелген пойыздың соққысынан Kanchanjunga Express пойызының артқы вагондары рельстен шығып кетіпті.

0
0
374

Таразда автокөлік дәу шұңқырға түсіп кетті

Таразда автокөлік күн жарықта жолдың тура ортасындағы жылу трассасының шұңқырына түсіп кетті.

Куәгерлердің айтуынша, шұңқырдың маңында ешқандай ескерту белгісі болмаған. Оған құлаған көлікте жүргізушімен бірге балалар отырыпты. Жолаушылар мен жүргізуші жарақат алды.

Оқиға орнын видеоға түсіріп тұрған әйел: "Мына көліктің артынан біз де келе жаттық. Біз де түсіп кете жаздадық. Осы көлік сақтап қалды" дейді.

Полиция жылу жүйесіне жөндеу жүргізіп жатқан мердігер компанияға қатысты қылмыстық іс қозғады.

0
0
411

Спирт зауытының басшысы қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін пара ұсынған

Шымкентте спирт зауытының қызметін тексеру барысында, 81 тоннадан астам есепке алынбаған спирт өндіру бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру фактісін анықталды.Есепке алынбаған спирт суррогат алкоголь өнімін өндіретін адамдарға сатылған.Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жоспарын орындау аясында өткен шаралар нәтижесінде анықталғандай, мереке және демалыс күндері (сенбі және жексенбі) есепке алынбаған спиртті заңсыз тиеп-жөнелтудің фактілері тіркелді, бұл этил спиртін сақтау және өткізу ережесін бұзуға әкеп соққан (ҚР ҚМ 20.02.2015 ж. “Этил спиртін сақтау және өткізу(тиеп-жөнелту, қабылдау) ережесін бекіту туралы” бұйрығы).Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында аталған спирт зауытының басшысы ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаментінің лауазымды тұлғасына алкогольді заңсыз…

0
0
342

«Астана-Зеленстройдың» бұрынғы басшысы қамауға алынды

«Астана-Зеленстрой» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікке ілінді.

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана-Зеленстрой» ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Ол қылмыстық істі тоқтату үшін құқық қорғау органдарының лауазымды адамдарына алаяқтық жасауға және 15 млн теңге сомасында пара беруге итермелеуге оқталғаны үшін күдікті.

Бұдан басқа, тапсырыс берушілер Астана қаласының жергілікті атқарушы органдары болып табылатын көпжылдық бұталарды отырғызу бойынша орындалған жұмыстардың құнын арттыру жолымен өзінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін күдікті.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

0
0
298