Ресеймен шекарада шегірткемен күрес күшейтіледі
Қостанай және Ақтөбе облыстарындағы Ресеймен шектесетін аумақтарда шегіртке үйіріне мониторинг күшейтіледі.Фото: atr.kzБұл туралы вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен шегірткеге қарсы күрес жөніндегі орталық жедел штаб отырысында АШМ Мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Дархан Әбдікәрімов мәлімдеді.Ресей Федерациясының шекаралас аумақтарынан шегірткелердің ұшу қаупі жоғары аймаққа: Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы, сондай-ақ үйірлі көші-қон жолдары өтетін Қостанай облысының Жітіқара және Денисов аудандары жатады. Ақтөбе облысы шегірткеге қарсы күрес басқармасының өңірлік орталығының штаб-пәтерін Әйтеке би ауданына көшіру туралы шешім қабылданды.Қостанай облысының Жангелді және Қамысты аудандарында көшпелі шегіртке үйірін жедел өңдеу үшін 21 техника жұмыс істейді. Ше…
