Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Спирт зауытының басшысы қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін пара ұсынған

Шымкентте спирт зауытының қызметін тексеру барысында, 81 тоннадан астам есепке алынбаған спирт өндіру бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру фактісін анықталды.
undefined

Есепке алынбаған спирт суррогат алкоголь өнімін өндіретін адамдарға сатылған.

Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жоспарын орындау аясында өткен шаралар нәтижесінде анықталғандай, мереке және демалыс күндері (сенбі және жексенбі) есепке алынбаған спиртті заңсыз тиеп-жөнелтудің фактілері тіркелді, бұл этил спиртін сақтау және өткізу ережесін бұзуға әкеп соққан (ҚР ҚМ 20.02.2015 ж. “Этил спиртін сақтау және өткізу(тиеп-жөнелту, қабылдау) ережесін бекіту туралы” бұйрығы).

Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында аталған спирт зауытының басшысы ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаментінің лауазымды тұлғасына алкогольді заңсыз сатумен және қылмыстық жауапкершіліктен босатудағы жалпы қамқорлығы үшін 20 000 АҚШ доллары бір реттік төлем мен ай сайын 1 000 000 теңге сомасында пара ұсынған.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.


Қаржылық мониторинг агенттігі

0
0
290

Осы тақырып бойынша