Мазмұнға өту
Обложка сообщества Оқи қалар оқиғалар

Таразда автокөлік дәу шұңқырға түсіп кетті

Таразда автокөлік күн жарықта жолдың тура ортасындағы жылу трассасының шұңқырына түсіп кетті.


Куәгерлердің айтуынша, шұңқырдың маңында ешқандай ескерту белгісі болмаған. Оған құлаған көлікте жүргізушімен бірге балалар отырыпты. Жолаушылар мен жүргізуші жарақат алды.

Оқиға орнын видеоға түсіріп тұрған әйел: "Мына көліктің артынан біз де келе жаттық. Біз де түсіп кете жаздадық. Осы көлік сақтап қалды" дейді.

Полиция жылу жүйесіне жөндеу жүргізіп жатқан мердігер компанияға қатысты қылмыстық іс қозғады.

0
0
315

Осы тақырып бойынша

Таразда автокөлік дәу шұңқырға түсіп кетті - Yvision.kz