Мазмұнға өту

Жаңа

Министр шегірткеден шығын келмегенін мәлімдеді

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров шегіртке жайлаған өңірлерді өзі аралап, жағдайды қатаң бақылап отырғанын жеткізді.

undefined

Фото: tengrinews.kz

Оның айтуынша, зиянкестермен күреске препаратта та, қаражат та жеткілікті. Ал былтыр бұл жәндіктер 1,5 млн гектар жерге тараған. Бірақ, оларды жоятын өнім уақытында алынбағандықтан 2,5 млн гектар жерге көбейіп кеткен.

Ауыл шаруашылығы министрі егер шаруаларға шегірткеден шығын келсе 5 пайыз жеңілдікпен субсидия беру мәселесі қарастырылғанын айтты. Жалпы, биыл зиянкестермен күреске 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

@qazaqstantv

0
0
310

Қостанай облысындағы электр желілерін қалпына келтіруге 1,3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің төтенше резервінен Қостанай облысында ауқымды су тасқыны салдарынан зақымдалған электр желілерін қалпына келтіруге 1,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды.Фото: egemen.kz (мұрағаттан)Жөндеу жұмыстары Арқалық қаласында, Амангелді және Жангелді аудандарында жүргізіледі, бұл жергілікті тұрғындарды тұрақты электрмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Биыл 27 наурызда өзендер мен су айдындарындағы су деңгейінің бірден көтерілуіне байланысты Қостанай облысының оңтүстік аудандары су астында қалды. Соның салдарынан әуедегі электр желілері мен трансформаторлық қосалқы стансалардың тіректері астындағы топырақ шайылып кетті. Бұл олардың зақымдалуына және 37 елді мекеннің тұрғындарын электрмен жабдықтауды шектеуге әкелді. Техникалық тексе…

0
0
365

"Ойып жаздым ALI деген атымды..."

Қазақтар Еуропаны дүрліктіріп жатыр. Италияда тарихи ғимарат қабырғасына атын ойып жазған қазақстандық қомақты айыппұл төлеуі мүмкін.

undefined

Фото: Parco Archeologico di Pompei - Ministero della Cultura

Италияда отандасымыз Помпей археологиялық паркіндегі Цейлер үйінің қабырғасына ALI деген атын ойып жазып, тарихи орынды бүлдіргені үшін ұсталған еді. Қазір ол босатылған. Бірақ енді осы жағдай бойынша әкімшілік сот болады.

Қазақстандықтың вандализм үшін 10 мыңнан 15 мың еуроға дейін айыппұл төлеуіне тура келейін деп тұр. Ал бүлдірген қабырғаны жөндеу үшін бөлек шығындалуы керек.

Айта кетейік, екі күн бұрын Грекияда қазақстандық туристер яхтада отшашу атамыз деп орманды өртеп жіберген болатын.

0
0
492

Шымкентте зейнеткер өмір бойы жинаған ақшасынан айырылып қала жаздады

“Өмір бойы жинаған қаражатым еді”. Шымкентте киберполиция зейнеткердің ірі көлемдегі қаражатын алаяқтан сақтап қалды.Шымкенттік “CyberPol” қызметкерлеріне 73 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Өзінің айтуынша, оған белгісіз біреулер телефон шалып, өздерін құқық қорғау органының өкілі ретінде таныстырып, банк шотындағы күдікті операциялар туралы хабарлаған. Ал тексеру жүргізу үшін ер адам телефонына белгілі қосымшаны орнатып, SMS-кодты хабарлауы тиіс екенін айтқан. Бірақ телефон соғушылардан сезіктенген зейнеткер тәртіп сақшыларына жүгінуді жөн көреді.Полицейлер бұл алаяқтардың бөтеннің ақшасын онлайн жолмен жымқыру түрі екенін жеткізіп, бірден банкке хабарласып, шот бойынша барлық операцияларды бұғаттады. Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде азаматтың 15,5 миллион теңгесін сақтап қалу…

0
0
355

Грекияда аралдағы орманды өртеп жіберген туристерге қатысты жағдайға СІМ түсініктеме берді

Осыған дейін Грекия жағалауындағы яхтада отшашу атамын деп Идра аралындағы орманды өртеп жіберген қазақстандық саяхатшылар туралы ақпарат тараған еді.

undefinedФото: BILD

Бүгін ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров осыған қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, Қазақстанның консулы Грекияның билік орындарына бірден хабарласқан.

«Полиция ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін хабарлады. Және оларға ешқандай кінәрат тағылмаған», – дейді Смадияров.

Ал болған жағдайға гректердің заңы бойынша кеменің экипаж мүшелері жауап беруге тиіс.

Айта кетейік, әлгі яхтада 17 қазақстандық турист болған.  

0
0
449

Биыл экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін 9,6 трлн теңге инвестиция тартылмақ 

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың үкіметтің ресми сайтына берген сұхбатында айтуынша, қазір Қазақстан экономикасы тұрақты түрде дамып келе жатыр. Экономиканың барлық дерлік саласында өсім байқалғанымен, кейбірінде өсу қарқыны төмен болып отыр. Оның себебі — елімізде орын алған су тасқынының салдарынан бірқатар өңірде сауда, көлік, құрылыс салаларының өсу деңгейі баяулады. Себебі, жолдар бұзылды, логистика қызметіне зардабы тиді. Жалпы, соның есебінен сауда-саттық баяулады, жүктерді жеткізу процесі баяулап, кейбір аймақтарда құрылыс саласы да тұрып қалды. «Қазіргі біздің жүргізіп отырған экономикалық саясатымыздың басты мақсаты — экономикалық өсімді қамтамасыз ету, өсу қарқынын арттыру. Ол үшін Үкімет нақты іс-шаралар жоспарын әзірледі. Жоспар б…

0
0
344

Қырықтағы азамат Каспийге батып кете жаздады

Ақтауда ТЖМ қызметкерлері 40 жастағы ер адамды құтқарды.

Қаланың құтқарушылары шомылу кезінде ағыспен батып бара жатқан 1984 жылы туған ер адамды жағаға шығарды. Ер адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

0
0
485

Тоқаев Қазақстан Дағыстандағы лаңкестіктер бойынша жедел шараларға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстандағы православие шіркеуі мен синагогаға лаңкестік әрекеттер жасалып, соның салдарынан дін және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қаза болуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты.Коллаж: 24krasnodar.ru«Қазақстан Президенті құқық қорғау жүйесі арқылы жедел іздестіру шараларын жүргізуде көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.Мемлекет басшысы адамзатқа қарсы жасалған мұндай әрекетті үзілді-кесілді айыптайды, сондай-ақ, БҰҰ, ШЫҰ және басқа да беделді халықаралық ұйымдар аясында лаңкестікпен күресу үшін көпжақты ынтымақтастықты дамытуды қолдайды», – деп жазды Aqorda.Айта кетейік, қаскөйлер Дағыстандағы Дербент қаласында синагога мен шіркеуге оқ атып, Махачкалада жол-патруль қызметі бекетіне шабуыл жасаған еді. Алдын ала мәлі…

0
0
382

Ұлытау облысында табиғат қорғау прокуратурасы құрылды

Бас прокурордың бұйрығымен Ұлытау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы құрылды.

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры болып әділет кеңесшісі Айдос Әбдібаев тағайындалды.

undefined

t.me/prokadrykz

0
0
890

Германияда Еуропа чемпионатынан хабар беретін бағдаршамдар іске қосылды

undefined

Жаяу жүргіншіге жолдан өтуге рұқсат беретін жасыл түсі жанғанда, доп тепкен адамның сұлбасы көрінеді. Ал қызыл түсі ойыннан қуатын ескерту қағазын көрсетеді. Осылайша Франкфурт көшелері футбол мерекесінен тыс қалмай, қала тұрғындары мен қонақтарын бір қуантып қойды.
Германияда өтіп жатқан футболдан Еуропа чемпионаты шілденің 14-іне дейін жалғасады. Алайда бағдаршамдар дүбірлі дода аяқталғаннан кейін де Еурокубоктан хабар беретін естелік нышан болып қала бермек.

@qazaqstantv

0
0
773