Зайырлылық ұғымын неге атеизммен шатастырып жатады?
Бірден айтайық, зайырлылық атеизм емес, атеизм зайырлылық емес. Бірақ кейде осы екі ұғымды шатастырып алып жататынымыз бар. Ал қарапайым тілмен айтқанда, атеизм – ешқандай дінді мойындамау, зайырлылық – діни сенім бостандығы, демократия, толеранттылық.Фотоколлаж: kazislam.kzБұл жерде зайырлылықтың діннен бейтарап болуын, яғни оның дінге, діннің оған бағынбауын кейбіреулер атеизм деп түсінетін сияқты. Аталған екі ұғымды шатастыру негізінен содан келіп шығады.Зайырлылық діни сенім бостандығын көздегенімен, бұл тұрғыда жұрттың бәрі беталды кету керек дегенді білдірмейді. Оның да мемлекет тарапынан реттелетін жерлері бар. Яғни Қазақстан заңдары тіркелген діни бірлестіктердің ғана жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.Елімізде 100-ден аса ұлт өкілдері ғана емес, әртүрлі діни конфессия өкілдері де ру…



