Мазмұнға өту
Обложка сообщества Дөңгеленген дүние

Тоқаев Қазақстан Дағыстандағы лаңкестіктер бойынша жедел шараларға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстандағы православие шіркеуі мен синагогаға лаңкестік әрекеттер жасалып, соның салдарынан дін және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қаза болуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты.

undefined

Коллаж: 24krasnodar.ru


«Қазақстан Президенті құқық қорғау жүйесі арқылы жедел іздестіру шараларын жүргізуде көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.Мемлекет басшысы адамзатқа қарсы жасалған мұндай әрекетті үзілді-кесілді айыптайды, сондай-ақ, БҰҰ, ШЫҰ және басқа да беделді халықаралық ұйымдар аясында лаңкестікпен күресу үшін көпжақты ынтымақтастықты дамытуды қолдайды», – деп жазды Aqorda.

Айта кетейік, қаскөйлер Дағыстандағы Дербент қаласында синагога мен шіркеуге оқ атып, Махачкалада жол-патруль қызметі бекетіне шабуыл жасаған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, шіркеудің дін қызметшісі мен күзетшісі және құқық қорғау органдарының жеті қызметкері қаза тапқан. 25 адам жараланған.

Содырлардың арасында республиканың Сергокалин ауданының басшысы Магомед Омаровтың ұлы болуы мүмкін деген хабар тарады. Кей деректер бойынша екі ұлы Осман мен Әділ бар екені айтылып жатыр. Кейбір ақпарат құралдары Магомед Омаров қызметінен кетті десе, енді біреулері оның ұсталғаны туралы жазды.

0
0
287

Осы тақырып бойынша

Тоқаев Қазақстан Дағыстандағы лаңкестіктер бойынша... - Yvision.kz