Мазмұнға өту

Жаңа

«Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалы 12 тамыз - Халықаралық жастар күнімен құттықтайды!

«Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалы 12 тамыз - Халықаралық жастар күнімен құттықтайды!⠀Жастар — қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы.Олар қай кезде де белсенді буын өкілдері. Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекетіміздің жарқын келбетін қалыптастырады. Олардың жаңа белестерге деген ұмтылысы жаңа идеялардың туындауына себепші болады. Ал жаңа идея қазақ елінің жаңаруына бағыт алып, “Мәңгілік ел” болуына нық қадам бастайды.Біздің елімізде де әр түрлі салада жастар жетістікке жетіп, алыс жақын шет елдерде білім алып, мемлекет тарапынан да көптеген қолдауларға ие болып келеді.Осы орайда, «Nur Otan» партиясы да іскер, көшбасшы, ел сенетін тұлғаларды іріктеу үшін праймериз өткізіп, онда жалынды жастарға тың бастама арқылы саясатқа араласып…

0
0
206

«Әділет кеңес береді» акциясы онлайн ұйымдастырылды.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында «Әділет кеңес береді» акциясы онлайн ұйымдастырылды.Шараға, Панфилов ауданында орналасқан ауданаралық Әділет басқармасының басшысы Марат Рахымбердіұлы онлайн қатысып, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету мен құқықтық білімін арттыру бойынша азаматтардың заңды құқықтарын пайдалану мен қорғау бойынша кеңес берді.«Әділет кеңес береді» акциясының мақсаты тұрғындарға кәсіби заңгерлік көмек көрсету үшін және де құқықтық нормалар мен қолданыстағы заңдарға, сондай-ақ оларға енгізілген өзгерістер мен түзетулер туралы ақпараттар беріп, азаматтардың заң және құқық бойынша түсініктерін қалыптастыру мен жеке жауапкершілі…

0
0
231

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы салтанатты түрде республика көлемінде аталып өтті.

Абай туралы белгілі ғалым, жазушы Мұхтар Әуезов: "Поэзияда, музыкада, қоғамдық – азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді. Ол өз халқының ғасырлар бойғы мәдениетінің таңдаулы нәрін алды және бұл қазынаны орыстың және Батыс Европа мәдениетінің игі әсерімен толықтырды.Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы- заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр",-деген болатын.Иә, Абайдың қай шығармасын алып қарасаңыз да қазақтың ұлттық болмысы мен тұрмыс-салты әдемі бейнеленген. Ұлы ақынның қара сөздерінің өзі бір ұлтқа сарқылмайтын қазына деп айтсақ та артық етпес. Абай Құнанбайұлы туралы биыл 175 жылдығы өтіп жатқан жыр алыбы Жамбыл атамыз да: "…

0
0
193

Бүгін "NurOtan" партиясы Жамбыл аудандық қоғамдық қабылдау бөлмесінде

өзіне сұрақ қойған тұрғындарға жауап берді. Тікелей эфир барысында мерзімі өткен куәлікті алу, ЭЦҚ алу, кезекті онлайн брондау сынды сұрақтар келіп түсті. Тікелей эфирде қойылған сұрақтарға түгелдейдерлік жауап беріліп, тұрғындарға egov.kz сайты туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

0
0
193

"Nur Otan" партиясы Жамбыл аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне

Әли Фазыловтың өтініші бойынша Ұзынағаш ауылының участкеткелік полиция инспекторв Абзал Сейсекенов шақырылып, арызданушы азаматтың мәселесін шешіп беру жұмысы тапсырылды. Осылайша Әли Фазыловқа партияның "Кедергісіз келешек" жобасы аясында көмек көрсетіліп, мүмкіндігі шектеулі азаматқа қысым көрсеткен жандар заң аясында жазаланатыны жеткізілді.

0
0
254

"Nur Otan" партиясы Жамбыл аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде

Қабылдау барысында әлеуметтік көмек алу, мемлекеттік жәрдемақыларды рәсімдеу сынды бірнеше сұрақ қойылды. Қойылған сұрақтарға Жақсылық Сұлтанұлы заң аясынды түсіндіру жұмысын жүргізіп, өзі басқарып отырған мекеме тарапынан қандай да бір көмек керек болса көмек беруге дайын екенін жеткізді.

0
0
161

Жастар күні аталып өтті.

"Nur Otan" партиясының Қапшағай қалалық филиалында Жастар күні аталып өтті. 12- тамыз дүниежүзілік жастар күніне орай Қапшағай қаласында жастар саясатын қолдап өскелең ұрпақты түзу жол көрсетіп, жастар орталығының жұмыс барысына қолдау көрсетіп, "Жастар ресурстық орталығынана" ат салысқан мемлекеттік қызметкерлерге алғыс білдірілді.

#Жастаротанға

0
0
197

"Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы-2021" байқауының облыстық кезеңі аяқталды.

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері кәсіподағының Маңғыстау облыстық филиалының "Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы-2021" байқауының облыстық кезеңі аяқталды. Байқау шарты бойынша қатысушы кәсіподақ ұйымдары бірнеше критерийлер бойынша бағаланды. Атап айтқанда бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысы туралы толық ақпараты бар анықтама-визитка, ұжымдық шарт, 2021 жылға арналған жұмыс жоспары, бір мәдени-көпшілік іс-шараның сценарийі, кәсіподақ комитеті отырысының және жалпы ұжымдық жиналыстың бір хаттамасы бойынша, бастауыш кәсіподақ ұйымдары жұмысының тиімділігі мен рөлін арттыру туралы эссе, бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасының өзін-өзі таныстыруы. Яғни көшбасшының автопортреті - өзі туралы әңгіме, өзінің көшбасшылық қасиеттерінің жалпы сипаттамасы, кәсіподақ көшбасшысы ретінде өзінің же…

0
0
385