«Жемқорлықпен күресті күшейту» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Панфилов аудан әкімінің аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Nur Otan» партиясымен бірлесе отырып, акт залында Жастар ресурстық орталығының жастарымен «Жемқорлықпен күресті күшейту» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, кітапхананың кітапханашысы Аян.А жүргізді. Дөңгелек үстеліміздің алғашқы сөзін, кеш қонағы «Nur Otan» партиясы Панфилов филиалы төрағасының бірінші орынбасары Досмаилов Қанат Нұркешұлы алып, жастарға: «Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде екенін, Қазақстан Кеңестер одағы кеңістігінде алғаш рет «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылдады, бұл заң жобасы арқылы жемқорлыққа қарсы күрестің негізі принциптерін анықтап, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың және оған байланысты жауапкершіліктің артылуының түрлері анықталды» - деп айтып өтті. Сонымен қатар Аудандық мәслихат депутаты жастар орталығының маманы, жеке кәсіпкер Батырхан Алмаз Бақытұлы да шараға өз үлесін қосып «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналғаны және бұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрініс табуы мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда өкіметке, билікке деген сенімсіздік тудыратыны жайлы атап өтсе, Аудандық мәдениет үйінің орынбасары: Әкімжан Айқын да өз ойын ортаға салып, жемқорлық дерті еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз – деп өз пікірімен бөлісті. Шараның қорытынды сөзін оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Оспанова Сара Нұртәліпқызы да аудан көлемінде өтіп жатқан жемқорлық пен күрес жайлы кең көлемде тоқталып, дөңгелік үстелге келген қонақтарға алғысын білдіріп, «Сыбайлас жемқорлық пен күресейік» атты кітап көрмеге библиографиялық шолу жасады.
