Ертеңіңді ойласаң...
Жемқорлық – жекелей адамдарға ғана емес, күллі дүниежүзі халқына орасан зор зардап әкеліп отырған індет. Бұндай бармақ басты, көз қысты әрекеттердің қай заманда, қай елден тамыр тартқаны белгісіз, алайда қазір әлемді түгелдей жаулап отырғаны ащы шындық. Оны түбегейлі жою мүмкін емес болғанымен, алдын алу және жемқорлық көріністерін азайту – мемлекеттік саясаттың басты міндеттерінің қатарында. Бүгінде ел аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау, күрес жұмыстарын күшейту күн тәртібіндегі алғашқы тақырып болып отыр. Себебі әлеумет мүддесін көздеген әр салаға жыл сайын миллиардтап қаржы бөлінеді де, жеме - жемге келгенде кей бөлігінің қайда кеткені белгісіз болып қалады. Бұл ең алдымен мемлекеттік тұтастық пен қауіпсіздікке төнген қатер және балалардың болашағын ұрлау деп білеміз. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған ұлттық кодымыздың, генетикалық жадымыздың сақталуы үшін сыбайлас жемқорлық сынды дерттен аулақ жүргеніміз абзал. Рухани жаңғыра алған кез келген азамат ел мүддесіне нұқсан келтір месі белгілі. Егер, сіз алмасаңыз, бермесеңіз онда тауарға деген сұраныс та азая түспек. Егер, сіз бұл олқылықтың жолын бөгеу үшін бар ынта-ықыласыңызды, ерік-жігеріңізді арнасаңыз онда кемшіліктің кесірі кеми түсері айқын. Пара алу, беру мәселесі бүгінгі таңда кез келген салаға салмағын түсіріп отыр. Білім беру, медицина, құрылыс, ауыл шаруашылығы, мемлекеттік қызмет, жеке кәсіп, құқық қорғау салаларында тіпті балабақшалардың да қақпасынан сығалаған сыбайлас жемқорлықтың уыты кеңінен жайылып келеді. «Бермесең алмайсың» деген түсінік жастың да, кәрінің де көкейіне ұялап алған. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» демекші, экономика тамырына уытын жайған жемқорлықпен күресті қоғам болып қолға алған жөн. Сонда ғана ғасыр дерті атанған кесапаттың кесіріне қарсы тұра аламыз. Бізге көбіне айналаға айтатын ақылды айнаға қарап тұрып айтуды үйренген жөн. Себебі өзгенің сүрінгенін байқау оңай, өз жығылғанымызды мойындау қиынның қиыны. Ұлттық санамызға, болмысымызға, дінімізге,
