«Халыққа көмек», «Бақытты отбасы» партиялық жобалары аясында қабылдау өтті
«Халыққа көмек», «Бақытты отбасы» партиялық жобалары аясында "Nur Otan" партиясы Қарасай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде карантин талаптарын сақтай отырып, азаматтарды жеке мәселелері бойынша Қарасай аудандық мәслихат депутаты Бекжан Сүнбеков қабылдау жүргізді. Қабылдауға келген Қаскелең қаласының тұрғындары, 2-ші топ мүмкіндігі шектеулі азаматша Г.Алдабекова азық түлікпен, оқушы қызына мектепке керек кеңсе тауарларымен көмек көрсетуді сұрап келді. Қабылдауға келген екінші азаматша А.Медеуова көпбалалы ана, алтын алқа алу мәселесі қиындық тудырып жатқанын айтып, азық түлікпен көмек көрсетуді сұрады. Қабылдау барысындағы тұрғындардың өтініштері ескеріліп, алдағы уақытта көмек көрсетілетінін жеткізді.#халыққакөмек #халыққакөмекқарасайауданы#бақыттыотбасы #бақыттыотбасықарасайауданы
