«Баланың бесігі-кең дүниенің есігі»
#ҰлтықМұра
«Баланың бесігі-кең дүниенің есігі»
📷2021 жылғы, тамыз айының 5күні, сағат 11:00де, Райымбек аудандық мәдениет үйінде Нарынқол БПҰ ұйымдастыруымен, аудандық мәдениет үйінің ұжымымен бірлесе отырып, қазағымыздың киелі де қасиетті санаған , ата-дәстүріміздің бірі "бесікке салу" рәсімі бойынша қойылымдық кеші өтті.
📷 Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,
Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.
Ояту былай тұрсын, рұқсат жоқ
Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге ,-деп жырлап кеткен ақиық ақынымыз М.Мақатаев сәбидің шыр етіп дүниеге келуі тек туған ата-анасының емес , бүкіл ағайын –туыстың, ел-жұрттың қуанышы болып есептелген. Қазіргі жас отбасыларға бесіктің киелі, қасиетті, құтты мүлік екенін,бесікке салу дәстүрімен таныстыра отырып, сөздік қорына бесік жабдықтарының атауларын, дене мүшелерін дұрыс атай білуге үйретіп, түсіндіріп келер ұрпаққа ата - дәстүрімізді жеткізу мақсатында.
