Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Панфилов ауданыАлматы облысының мәслихат депутаты Ақсубаев Серік Мұқашұлы қабылдау өткізді.

«Халыққа көмек» жобасы аясында Панфилов аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесіне Алматы облысының мәслихат депутаты Ақсубаев Серік Мұқашұлы кезектен тыс қабылдау жүргізді. Қабылдауға жазылған аудан азаматтарының өтініштері әртүрлі болды, тұрғын үй және құжаттарды заңдастыру, жұмысқа орналасу, аз қамтылғандарға көмек көрсету, грант негізінде дарынды балаларға білім беру, сондай-ақ мен аудан азаматтарымен "Nur Otan" партиясының Алматы облысы 2021-2025 жылдарға арналған "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір" сайлау алды бағдарламасының жол картасын орындау туралы бөлісті. Нәтижесінде кейбір мұқтаж азаматтарға олардың қажеттіліктерін, қысқа дайындықтарын ескере отырып, қаржылай қолдау көрсетті, кредит төлеу мүмкіндігін, денсаулық жағдайы бойынша емделу бойынша көмек берді. Сонымен қатар «Облыстық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған көмекші мектеп-интернат» мемлекеттік мекемесіне қаржылай көмек беріді. Мекеме басшысы, қабылдауға жазылушы азаматтар мен азаматшалар, балалар өз тараптарынан шексіз алғыстарын білдірді.

0
0
585

Осы тақырып бойынша