Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті
«Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалының жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының жиыны өтті. Жиынға партиялық бақылау комиссия төрағасы Г.Турганалиев, аудан әкімінің орынбасары А.Халауедин, бөлім басшылары және комиссия мүшелері қатысты. Жиынның күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының Тасқала ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасының 2021-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» орындалуы қаралды. Алдымен
«Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Л.Жұбанышқалиева I-жартыжылдық қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар және жыл соңына дейін орындалмау қауіпі бар жобалар туралы баяндады. Кейін аудан әкімі орынбасары жоспардың әр тармағына тоқталып, тиісті мекеме, дербес бөлім басшыларына тапсырмалар берді.
