Мазмұнға өту

Жаңа

Тілдегі сөздерді жеке сөз таптарына топтастыру

Тілдегі сөздерді жеке сөз таптарына таптастыру да тіл білімінде танылған, ертеден келе жатқан дәстүрге айналған, ғылыми негізі бар мәселе. Тіл білімінде сөздерді таптастыру белгілі ғылыми негізге сүйеніп, жүзеге асырылады. Ғылымда сөздерді сөз таптарына таптастыруда тірек, негіз болатын үш ұстаным қалыптасқан, олар: 1) сөз табының ортақ семантикалық мағынасы; 2) сөздердің морфологиялық, грамматикалық белгілері; 3) сөздердің синтаксистік қызметі. Осы ұстанымдарға жеке-жеке тоқталайық. 1. Сөздерді таптастыруда бір сөз табына кіретін сөздердің бәрінің ортақ мағынасы, ортақ семантикасы есепке алынады. Мәселен, зат есімге жататын сөздердің бәрі заттың атын, яғни, заттық ұғымды білдіреді. Мұндай мағынасы жоқ сөздер зат есім сөз табына жатпайды. Заттық мағына, заттық ұғым – зат есім сөздердің бә…

0
0
22415

Тілдегі сөздерді 3 топқа бөлу

Тілдегі сөз атаулыны үш топқа бөлу алғаш екі топ ретінде (атауыш сөздер, шылаулар) А.Байтұрсыновтан басталғаны жоғарыда айтылды. Сөздерді бұл тұрғыда топтастыру олардың мағыналық ерекшелігіне, атқаратын лексикалық, грамматикалық қызметіне негізделген. Сөздерді осы түрде таптастыру тек қазақ тіліне ғана қатысты құбылыс емес. Мысалы, 2004 жылғы Д.Э.Розенталь, И.Б.Голуб, М.А.Теленковалардың авторлығымен шыққан "Современный русский язык" атты оқу құралында "самостоятельные и служебные части речи" деп бөліп, одан басқа модаль сөздер, одағай және еліктеуіш сөздер топтары бар деп есептеп және олардың әрқайсысына қысқаша анықтама берген. Демек, сөздердің бір-бірінен ерекшелігін ашу үшін қолданылып жүрген сөздерді топтастырудың бұл түрі ғылыми негізі бар, тәжірибе өзін ақтаған, сондықтан ол ХХІ ға…

0
1
11853

Газет айдарларының лексикалық, лингвостилистикалық құрылысы.

Газет айдарлары (рубрикалар)-газеттің ішкі құрылымынан хабардар ететін, оны танытатын басты компоненттерінің бірі. Айдаралар қызметі жағынан негізгі және арнаулы болады. Бірнеше газет типтеріне ортақ жалпылама және бір ғана газет типіне тән, соған ғана лайық арнайы айдарлар да ұшырасады. Айдарлар құрылымы жағынан тұтас, бір ғана мәселеден хабар береді. Мысалы, «Қазақ» газетінде «Сыртқы хабарлар», «Ішкі хабарлар», «Оқшау сөз», т.б. айдарларының әрқайсысы берер хабарының шығу тегін (ішкі, сыртқы) немесе өзгелерге ұқсамайтын оқшаулығын аңартып тұр. «Қазақ» газетіндегі «Сыртқы хабарлар» қазіргі газеттердің көбіне тән «Шетел жаңалықтары» рубрикасына сәйкес. 1913-1918 жылдары «сыртқы» сөзінің орнына «шетел» сөзін пайдаланса, әрине, оқырманға түсініксіз болар еді. Яғни, бұл жерде оқырманның қабы…

1
0
6594

Сыңба қазақ.

Мемлекетімізде тату-тәтті көптер елдер турғаныны, аңсаған азаттық жағдай болғаныны - ол бәрі казақтың қасиеттерінен. Бірақ осындай-ақ жағдай болса да, мемлекетте ел бірлігін бұзышылар көп кездестіреді. Республикамыз казақтын атын атқарып тұр. Сондықтан қазақтар бұрынғыдан мықтас, қайратты болу қажет. Басқа ұлттардын қазақтын елінде тұрғаныны өте үлкен бөгет боп тұр. Бұларда патриоттык сезім деген қайдан шығад, айтындаршы!? Осы жайлы қазақтар әлемге танымалы болу керек. Еріншек, мақтаншақ дегендерді әрірек қойындар. Глобализэйшн қазақты әр күнімен жеп тұр, бұны тісүніндер. Ал дұшпан ешқашан да ұйықтамайды... Қазаққа жарасады шыдамдылық, басқа елдердің қасиеттерін тура өзінікідей көреді, Орыстан ғалым болындар, Арабтан иманды болындар, Түріктен түркі болындар, Жапоннан ақыл болындар. Қытайд…

0
1
577

Оларға тек тамақ керек пе?

Кеше Мәскеудегі Пушкин атындағы алаңда ксенофобияға, яғни ұлтараздығына қарсы митинг өтті. Әдеттегідей, биліктің ықпалымен ұйымдастырылғандықтван митингке жөнді жұрт жиылмады. Мың жарым-екі мың адамның ар жақ-бері жағы ғана. Алаңға жиылған жұрт жақында Мәскеуде болған ұлтараздық қақтығыстарды айыптады. "Қапказдықтар құрысын" деген ұран көтерген, соңы төбелеске ұласқан «тақырбастардың» митингісінде бұлардан көп адам жиналғаны есімізде. Ол митингіні де билік өзі ұйымдастырған еді. Бұл жолғысы артық кетіп қалған сол әрекеттерін жуып-шаю ғана секілді. Митингке келгендер "Ресей бәрі үшін", "Фашизмге орын жоқ ", "Біздің отанымызды жоюға – жоқ дейміз", "Ресей фашизмсіз", "Ресей нашизмсіз" деген ұрансөздер көтеріпті. Дегенмен, басым бөлігінің қолында жүрген «жалынды сөздер» бұл митингті орыс билі…

0
0
558

Жылағым келеді…

Ескі жылдың есігі жабылайын деп, Жаңа жылдың есігі "тоқ-тоқ!" етіп қағылайын деп тұрғанда, Астанада ҚАЗАҚ қоянын жыл тағына отырғызу рәсімі өтті. Бұл жыбыр-жыбыр жиынға дүние жүзінің аңдары қатысып, Қоянды  қоян жылымен құттықтады. Әр елдің өз қояндары таққа отырса, сол елдің барыстары тақтан түсіп, Қоян мырзаларға тағзым етіп жатты... Ал біздің қазақтың барысы креслодан кеткісі келмей, "сау болыңызды" айтып, жетер жеріне жеткісі келмей, қиналып, қипақтап тұрып қалды, БАҰ-ның хатшысы (Біріккен аңдар ұйымы)  УАҚЫТ мырза  жұдырығымен стол үстін ұрып қалды... - 2010-шы Барыс мырза! Жұрттың бәрі сізге ырза. Жұтқыншағыңыз жыбырлап, маған бірдеңе айтайын деп тұрсыз ба,сыбырлап? - Уақыт мырза,--деді қазақы Барыс жөткірініп,--тағы бір жыл "Барыс жылы" болып  дегендей... - Мына…

0
0
1377

Жұмабек Тәшенев деген кім?

Қазақ халқының тарихында есімдері алтын әріптермен жазылып қалған тұлғалар аз емес. Әсіресе, алмағайып аласапыран кезеңдерде туған еліне ес болып, бағыт-бағдар көрсеткен жандардың орыны тым ерекше. Олар болмаса біздің бүгінгі жарқын күндеріміз дәл осындай қалпында болар ма еді? Халқымыздың басына түскен қиын сағаттарда ерекше жаралған перзенттерінің жанкештілігінің арқасында қазақ жері осы бүтіндігін сақтап қалды. Өткенді бағаламай, тарихты терең білмей, ертеңгі күнге дайын болу мүмкін емес. Біз журналымыздың осы санынан бастап, ұлт жанашырлары атанған, бүгінде арамызда жоқ асыл тұлғалар жөнінде баяндағымыз келеді. Өмірбаяны Жұмабек Тәшенев 1915 жылы 20 наурызда Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Танагүл ауылында дүниеге келген (бұрынғы жері қазіргі Береке және Қойгелді ауылдары ардасынд…

1
1
30557

Радиобасқарумен ұшатын оқ

Америка әскерлері таяу уақыттарда компьютерлік ойындарда ғана кездесетін қарумен қамтамасыз етіледі. XM25 винтовкасының (толық аты XM25 Counter Defilade Target Engagement System) радиобасқарумен ұшатын «ақылды» оқтары бар. Көздеген жерге жеткенде оқтар жарылады. Бұл тәсілмен қалқаның артында тығылып тұрған жауды жойып жіберуге болады. Винтовканың ату қашықтығы 700 м. XM25 арнайы Америка армиясы үшін жасалған, ол енді таяу уақытта Ауғанстанда тәжірибеден өте бастайды. Нысанаға дейінгі қашықтықты анықтау үшін лазерлік өлшеу құрылғысы пайдаланылады. Шүріппенің қасындағы түймені басып жауынгер лазердің сәулесін 3 метрге дейін ұзарыптып немесе қысқарта алады. Нысанаға жеткенде оқ қол гранатасы секілді жарылады. Винтовка окопқа тығылған жаудың сұрмергенінжою үшін де өте қолайлы. 25-милиммитрлік…

0
0
414