Табиғатты сағындым
Былтырғы күздің басында осындай ойлар маған тыныштық бермеді. Қазір оқып, күзді емес, жазды елестетіп кеттім. Мүмкін қыстың аязынан шаршаған жандарға көмек болар:) Ыстық күндері қалалы өлі техникалық өркениетте табиғат өз қызығын көрсететін зат – терек мамығы(тополиный пух) . Көзіңді жұмып, бір мезетте ормандағы ағаштар арасынан өтетін күннің жылуы бетіме түсіп тұрғанын сеземін. Терек мамық күннің жарығын одан ары түрлендіріп, көзіңнің қытығын келтіреді. Бірақ қаланың ауасын орманның таза ауасымен салыстыруға дәтің бармайды. Алматының көлеңкесі күннің ыстығына қарамастан суықты жақсы ұстайды. Екі-үш минут көлеңкеде тұрсаң, денеңе суық лебіз ұрып, үсті-басыңды тондырта бастайды. Осыдан қайтадан күннің ыстығына шығуға тура келеді. Қыркүйектің ыстығын жаздыкінен айырмашылығы бар, жаз бойы те…