Мазмұнға өту
Felix

Felix

Сайтта 2010 ж. 23 тамыз

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

5

пікірлер

20

тіркелуші

4

жазылымдар

0

Asem - Жалт етіп өткен

Алау жақ өтеді-ау
Сағынышым шекер-ау
Біз аңсаған бақыт қайда екен?
Өткен түндер кетер-ау
Оралмайды екен-ау
Қиялыммен сені тербетем
Жүректегі шырыным
Құлағымда тұр үнің
Көңілде солмай жүрген гүлім
Аңса мейлі аңсама
Сағынышпен қаншама
Оралмайтын күндер екен ғой.

Жалт етіп өткен сонау бір көктем!
Қош бол енді деймін мен саған!
Жүрегім енді бәріне көнді!
Қош бол қалқам, жеткізбеді арман!

Шуағым сәнім-ау
Айтылмаған әнім-ау
Естелік болып қана қаласың
Көңілдегі әр-қалай
Жүрмедің бе қалқамай
Жүректегіні жалғап барасың
Өзің дейсің енді сен
Кезікпеймін енді мен
Аңсаумен өткен күндер қанша?

Жалт етіп өткен сонау бір көктем!
Қош бол енді деймін мен саған!
Жүрегім енді бәріне көнді!
Қош бол калқан, жеткізбейді арман! (х3)

0
0
1749

Алмас Кішкенбаев - Superstar.kz 2004 Finale - Кең дала [Live]

Самал жедлің төсегі орап өскен,
Айдарың өмір кескен,
Даламның толқыма күйлерін-ай!
Айдын көлге аққудай мекендеген,
Жүрегім менің — желкен!
Өзімнді, кең далам, сүйгенім-ай!
Кең далам!

Алтын далам!
Күндей күлген самал желмен!
Тербейсің ай кемедей,
Болайын мен төбедей!
Сүйем сені сезіммен от жана,
Қара көзің деді мені аймала!
Сүйем сені арманмен жанданған,
Кең далама ән арнаған!

Сары даламда
Әнменен өмір кешкен,
Бабалар ерім дескен,
Кең далам, өзіңді сүйгенім-ай!
Кең далам!

Алтын далам!
Күндей күлген самал желмен!
Тербейсің ай кемедей,
Болайын мен төбедей!
Сүйем сені сезіммен от жана,
Қара көзің деді мені аймала!
Сүйем сені арманмен жанданған,
Кең далама ән арнаған!

0
0
888

Саят Медеуов - Бозторғай

Даланы мен де
Сүйемін сендей,
Бауырмал құсым!
Назыңнан әсем,
Сазыңнан әсем,
Жаңылма, құсым!

Тіршілікте айнымасқа тағдыр қосқан
Құс едің ғой кең далама бауыр басқан.
Аяздарда тоңбайсың ба, бозторғайым?
Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым?

Тауқымет тартып,
Тарықпа, жаным!
Қорықпа, жаным!
Құшағымды ашып,
Кеудеме басып,
Берейін жалын!

Тіршілікте айнымасқа тағдыр қосқан
Құс едің ғой кең далаға бауыр басқан.
Аяздарда тоңбайсың ба, бозторғайым?
Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым?

Тіршілікте айнымасқа тағдыр қосқан
Құс едің ғой кең далаға бауыр басқан.
Аяздарда тоңбайсың ба, бозторғайым?
Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым?

0
0
14401

Қазақша шрифт проблемасы

Байқаған шығарсың, кейбір тұлғалардың посттарын оқығанда, олар "ә", "ғ", "қ", "ө", "ң", "ү", "ұ" әріптерін қолданбай, орнына кирилл баламаларын ғана қолданады. Сонда "маган сол олен оте катты унайды" деген сияқты туындылар пайда болады. Неге сондай болады? Мәселен, мына суреттегі (http://www.voxpopuli.kz/post/view/id/119 бетінен принт-скрин) посттарға назар аударайық. Дегенмен, "і" әріпін ағылшын әріпімен алмастырғанына рақмет. Жау алыстан келмейді дейді. Менің 20-жасар інім де дәл солай жазады: "туган кунинмен куттыктаймын". Досым да солардың бірі. Інімнен сол сұрақты сұрағанда "үйреніп кеттім" деген. Сөз жоқ. Ал досым болса Әппл-дың компьютерын қолданады, бірақ оған қазақша шрифтты орнатуға болар-болмасын білмедім. Боламекен? Жалпы, бұл құбылыстың себебін білгім келеді. Бұл кісілер мект…

0
6
1718