Мазмұнға өту

Жаңа

40 жылдан кейін темекіні қоямыз

40 жылдан кейін Жер бетінде темекі шегетін адам қалмауы мүмкін. Әлем елдеріндегі темекі  шегушілердің саны туралы статистикалық мәліметтерді зерттеп шыққан Citygroup мамандары осындай   түйінге келіп отыр.

Зерттеу мәліметтеріне сүйенсек, соңғы онжылдықта темекі шегушілердің саны әлем бойынша 9,4   пайызға төмендеген. Атап айтқанда, 1960 жылы Ұлыбритания халқының барлығы дерлік никотинге тәуелді болған, бірақ содан бері темекі шегушілердің саны тез азайып келеді, 2008 жылғы көрсеткіш бойынша, жалпы британдықтардың 20 пайызға жуығы ғана көк түтінге үйір екен. Бельгия, Финляндия, Норвегия және АҚШ елдеріндегі темекі шегушілердің мөлшері де осы шамалас.

Ермек ҚАРАБАЛА.

0
0
896

Еліміз үшін ең маңызды ғимараттағы қателік

Мына тақта қазір Қазақ-британ университетінің ғимаратының қабырғасында ілініп тұр. Бұл ғимарат ұзақ жылдар бойы Казақ КСР Жоғары кеңесінің, кейін тәуелсіздікке қол жеткен соң ҚР Парламентінің ғимараты болған. Бұл жерде Тәуелсіз еліміздің өмірінде аса маңызды болған талай шешімдер қабылданып, елдіктің алғашқы қадамдары жасалған жер. Әрі бұл ғимарат республикалық құндылықтардың қатарына енгізілген. Мұндай киелі жерге талай тақта іліп, тарихқа қалдыруымыз тиіс. Бірақ ілінген жалғыз тақтаның сиқы мынау. Тақтада «Бұл ғимаратта 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация және 1991 жылы 16-желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды» деп жазылған. Ал астындағы орысшасында қазан айын «декабрь» деп жазып қойғ…

0
1
423

Asem - Жалт етіп өткен

Алау жақ өтеді-ау
Сағынышым шекер-ау
Біз аңсаған бақыт қайда екен?
Өткен түндер кетер-ау
Оралмайды екен-ау
Қиялыммен сені тербетем
Жүректегі шырыным
Құлағымда тұр үнің
Көңілде солмай жүрген гүлім
Аңса мейлі аңсама
Сағынышпен қаншама
Оралмайтын күндер екен ғой.

Жалт етіп өткен сонау бір көктем!
Қош бол енді деймін мен саған!
Жүрегім енді бәріне көнді!
Қош бол қалқам, жеткізбеді арман!

Шуағым сәнім-ау
Айтылмаған әнім-ау
Естелік болып қана қаласың
Көңілдегі әр-қалай
Жүрмедің бе қалқамай
Жүректегіні жалғап барасың
Өзің дейсің енді сен
Кезікпеймін енді мен
Аңсаумен өткен күндер қанша?

Жалт етіп өткен сонау бір көктем!
Қош бол енді деймін мен саған!
Жүрегім енді бәріне көнді!
Қош бол калқан, жеткізбейді арман! (х3)

0
0
1872

Бөкенбай батыр туралы баяндама

Қадірлі ағайын! Құрметті конференцияның қонақтары! 2006 жылы қазан айында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына қол қойғаны белгілі. Президент жарлығына байланысты «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында еліміздің мәдени рухани өмірінде, шын мәнінде, тарихи деп айтуға болатын, мән-маңызы айрықша зор, әрі ерекше жауапты жұмыстар қолға алынды. Ақтөбе облысының 2006 жылы мәдени Меккеге айналып А.Жұбановтың 100 жылдық, Ш.Берсиевтің 125 жылдық мерейтойы тойланып, Жиренқопа жеріне 40 жылдан кейін Қобыланды батырдың сүйегінің қайта жерленуі және ХIV-ХV ғасырлар ескерткіші болып табылатын Абат Байтақ кесенесінің қайта қалпына келтірілуі соның айғағы деп ойлаймыз. Еліміздің егемендіг…

0
1
2964

Бөкенбай батыр

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мырзаға Құрметті Президент! Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Атамыз қазақ артқыларға айтып кеткен бір сөзінде «Елін сыйламаған ер азады, Ерін сыйламаған ел тозады» деген екен. Ғасырларға жалғасқан қасіретті бодандық қазақ халқын аздырды, тоздырды. Тілімізден, ділімізден, дінімізден айрылдық. Ұлтымыздың рухы жұтады. Мың өліп, мың тірілдік. Қазір міне тәуелсіздік алғалы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дұрыс басқаруының арқасында тіріліп жатқан жағдайымыз бар. Елбасымыз  «Атамұра», «Мәдени мұра», бағдарламалары мен  «Қазақстандық патриотизм» туралы 2006 жылғы жарлығында еліміздің барлық азаматтарына үлкен жауапкершілік жүктеді. Қазақ халқының рухын, елдігін сақтау жолында қан төгіп, жан берген аруақты тұлғаларды қастерлеу…

0
0
2994

Құрманбек Бакиев директор атанды

Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбев Бакиевті қандыкөйлек досы Александр Лукашенко әскери зауыттың директоры қылып тағайындады. 2010 жылы еліндегі бей-берекетсіздіктер мен төңкерістен соңы Бішкекті тастай қашқан Бакиев Минискіден пана тапқан болатын. Саша досы Құрекеңнің ешкімге маңдайынан шерткізбеймін деген еді. Әзірге сөзінде тұрып келеді. Ол қандықол қарақшы, талай адамның жазықсыз қаны төгілуіне себепкер, оны бер бізге, аяусыз жазалаймыз деген сарындағы Бішкектің жаңа билігінің сөздерін құлағына да ілмеді. Ол тіпті талай уақыт бойы оны заңды президент санайтынын айтып жүрді. Алайда, 2010 жылы желтоқсан айында ол Роза Отынбаевмен кездескен еді. Шынын айту керек, екеу ара әңгімеде Бәкиев туралы сөз болмады. Неге деген сауалға А.Лукашенко «Егер ол бұрынғы президент болса неменесін…

0
2
997

Қытайдың Iphone туралы - Про китайский Iphone

Кеше Қытайдың Iphone телефонын сатамын 17 000 теңге деп жарнама жасағанмын. Сол телефонның  біреуін алып пайдаланып жүрмін. Бұрын "Қытайский" деп ойлағаныммен онша көңіл толтырмай жүрген едім. Дегенмен пайдалануға жақсы өте тамаша құрал екен. Тіпті өте тамаша деп айтса да жеткілікті. Осы телефон шығару өнерін Қытайдан үйренсек өте тамаша болар еді. Қазіргі ой бөлісейін деп отырғаным: Қытайдың Iphone телефонында жұмысқа өте қажетті бағдарламалардың орнатылуы және тиімділігі. Қазыр сол телефонған 2 сим карта орналастырып пайдаланып жүрмін. Тілі орысша дегенмен сауатты аударылған. Флешка салатын жерінде өзімен келген 128 мб флешкаға өлең, сурет жүктеп алдым. Интернетті дұрыстаған соң М-Агент және Opera Mini KK - Opera Mini қазақша орнатып алып пайдаланып жүрмін. Тіпті сол Opera Mini қаз…

0
0
1205

Есімов неге шамданды?

Бұл оқиға қоғамның назарынан тыс қалып қойды. Себебі ол шараға қатысқан журналистердің барлығы дерлік үкіметтік ақпарат құралдарынан келген еді. Сондықтан жұртқа жария бломады. Егер сол жиында болған студент інім кездейсоқ айтып қалмағанда менің де естуім екіталай еді. Хош, сонымен Есімов неге шамданды, соны айтайық. Бұл желтоқсан айында «Хабар» агенттігінің 15 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған КВН-де болған екен. Оған Ахметжан Есімов мырза да шақырылып, алдыңғы қатарда шалқайып отырып «квншілердің» өнерін тамашалапты. Әкімнің өз өнерлерін көруге келгені «күлдіргіштердің» шабытын оятса керек, көріністердің бірін соған арнауды ұйғарыпты. - Жақында қызымның үйінің алдындағы асфальтқа «Мен сені сүйемін!» деп жазып қояйын десем асфальт шұрқ-тесік екен. Құрметті әкім мырза менің қызыма а…

0
1
531

Тараз қаласының тұрғындары Азиада алауын көре алды

Азиада алауын тамашалауға Тараздықтар таңертең сағат 9-дан бастап дайындалды. Спортшылар жүгіріп өтетін басты көшелерде қоғамдық көліктер тоқтатылып, жан-жақтан студенттер, оқушылар, оқытушылар қауымы жинала бастады. Биылғы жылдың басты оқиғасын көруге мемлекеттік қызметкер еместер де асықты. Жамбыл жұртшылығының жолы болды. Күн райы қатты аяз болмай, эстафетаны біраз қызықтауға мүмкіндік берді. Азиада алауын алып жүріп өту құрметі белгілі әнші Досымжан Таңатаровқа бұйырыпты. Арланның ақ образына оранған оның көңіл-күйінен қобалжығанын анық байқауға болады. Міне, халық ұзақ жаурап, тағатсыздана көп күткен сәт! Ал мына көліктің ішінде біздің Қазақстанымыздың намысын қорғайтын спортшыларымыз отыр. Ендеше алаушыларымызға сәттілік тілейік! Қазағымыздың мерейін асырып, туымызды өзгелерден жоға…

0
5
515